Иммунитет к?теру керек ?шін не істеу керек
Болашақ ананы босану кезінде және одан кейінгі уақытта қандай жаңалықтар күтіп тұр? Бұл сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров жауап берді деп жазады «Ақ Жайық».
Өз киімің болғаны жақсы
Біздің аналарымыз бен әжелеріміз перзентханаға түскен бойда санитарлық залалсыздандырудан өтетін: босанатын әйелдерді жуындырып, клизма қоятын, жатыр қуысын қырып, аурухананың киімін кигізіп, бастарына орамал тағатын.
Қазір бағдарламаға сәйкес босану барынша үйдегідей жағдайда өту керек, сондықтан анасы мен сәбиіне арналған киім үйінен әкелінуі тиіс және хлорланбаған болу керек. Не үшін? Себебі, онда міндетті түрде микробтар болады, ол микробтар жаңа туған сәбидің анасының микробтарына қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастырады.
Егер белгілі бір себептермен үйден киім әкеле алмаған болсаңыз және жөргектер қолыңызда болмаса, уайымдамаңыз, перзентханада сізге бәрін де береді. Тек қайтаруыңыз керек.
Қырыну мен клизмаға келер болсақ, біріншісі терінің зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін, оның салдарынан ауру тудырғыш бактериялардың пайда болып, көбеюіне алып келеді. Ал екіншісі дәрігерлердің айтуынша, түрлі инфекциялардың алдын алу үшін қолданылмайды.
Алайда дәрігерлер манипуляциялық әрекеттерді қолдануды азайтуға тырысқанмен, босанушылар тазалау клизмасын жасауды өтінсе, оны жасайды, себебі, болашақ ананың уайымдағанын қаламайды және оның босануға деген көңіл-күйін қалпына келтіру үшін ғана.
Шыдау керек
Босанудың бірінші кезеңі — толғақ. 15 жыл бұрын толғақ кезінде босанушы анаға жүруге, тұруға болмайтын, ол тек жатуы тиіс еді. Қазір бұл кезеңнің өтуі мүлде басқаша. Біріншіден, босанатын әйел жеке палатада жатады, сол жерде босанады. Қазіргі уақытта жүкті әйелге жатуға болмайды, керісінше, оның көп қозғалғаны дұрыс.
Босанған әйелдердің айтуынша, бұрын көп қолданылған толғақ шақыру және босануды қоздыру қазіргі кезде тек белгілі бір көрсетілімдер болған жағдайда қолданылады. Ауыруды басу әрекеттері де солай. Егер әйелдің денсаулығы жақсы және іштегі сәбидің жағдайы қанағаттанарлық болса, онда ауыру орынды, оған шыдау керек.
Ал ауыруды сәл де болса азайту үшін Атырау перзентханаларының дәрігерлері дәрі-дәрмексіз әдістерді ұсынады: егер қаласаңыз, душқа немесе ваннаға апарып, суға түсіреді, музыка қосып, массаж жасап береді, дұрыс тыныс алуды үйретіп, егер әйел қаласа, күйеуін, туысын немесе құрбысын шақыра алады.
Жақын жерде міндетті түрде акушер болады, ол сізге көмекке келеді, сабырға шақырып, ауыруды басу үшін не істеу керектігін көрсетіп, түсіндіріп береді. Ол қан қысымыңызды өлшеп, іштегі сәбидің жүрегін тыңдап, уақыты келгенде сізді босандырып алады. Орташа алғанда, табиғи босанудың ұзақтығы 6 сағаттан 16 сағатқа созылады. Бұл уақытта акушер сіздің қасыңызда болуы тиіс.
Әкесі де көмекке келеді
Босанудың екінші кезеңі болып баланың дүниеге келуі табылады. Босануға арналған арнайы орындық қазір көп пайдаланылмайды. Босану кезінде, соның ішінде «қуып шығу кезеңінде» («изгнание плода») әйел адам өзіне ыңғайлы позицияны таңдай алады.
Жаныңмен жатуға болады, тұрып немесе тізерлеп отыруға да болады. Босану залдары қазір де бар. Олар қиын босанатындар үшін керек; мәселен, егіз туғанда немесе босану асқынған кезде. Егер босану әрекеті ұзаққа созылып, сәбиге зақым келе бастаса, әйелді жеке палатадағы кереуеттен босану залына апарады. Тағы бір жаңалық – босанған соң ішке мұз басудың алынып тасталуы.
«Дәлелденген медицина бойынша ішке мұз басу жатырды кішірейтпейді. Қазір жатырға массаж жасалады, жаңа туылған сәбиді бірден омырауға салу қолданылады. Бұның бәрі әйел ағзасында жатырдың кішіреюіне қажетті окситоциннің бөлінуіне әкеледі. Күрделі жағдайларда, мәселен, босану кесар тілігінің көмегімен жүзеге асса, окситоцинді қолмен әйелдің бұлшықетіне егеді», — дейді Жұмыров.
Егер босану жағдайлары еш қиындықсыз, табиғи жағдайда 37-42 аптада жүзеге асса, былай болады: дүниеге келгеннен кейінгі бір минуттың ішінде шарананың кіндігін қыстырғышпен қысады. Тамыр соғуы басылғанда кіндігін кесіп, шарананы анасының ішіне екі сағатқа жатқызып қояды.
Босанудан кейінгі бірінші сағаттың соңында баланың көзін тазалап, жуады, ал екінші сағат аяқталған соң кіндігін тазалап, салмағын өлшейді. Баланы анасының ішіне не үшін жатқызады? Дәрігерлерде «жылу тізбегін сақтау» деген түсінік бар.
Бұл балаға салқын тиюдің алдын алу үшін және ананың «микробтары» баласына жұғу үшін жасалады, себебі, баланың осы микробтарға қарсы иммунитеті пайда болады. Егер босану күрделі болса, сәби үшін маңызды болып саналатын осы істермен оның әкесі де айналыса алады. Әкесінің ішіне жатқызу және терінің теріге жанасуы сияқты әрекеттер Атырау облысында кең қолданылады екен.
Кесар тілігі туралы
— Кесір тілігі арқылы дүниеге сәби әкелген аналардың көпшілігі келесі босанарда дәрігерлердің осы әдісті ұсынарына сенімді. Босанушылардың пікірінше, дәрігерлер асқынулардан қорқады және оларға бәрін тез бітірген ыңғайлы.
— Табиғи босану мәселесі бұрын кесар тілігімен босанған әрбір жүкті әйелмен жеке шешіледі.
— Ең ауырсындырмайтын және тез арада босанудың әдісі ретінде көп әйелге ұнайтын эпидуральды анестизияны (дәрі омыртқаның эпидуральды кеңістігіне салынады) қолданудан соң ұзақ уақыт бас ауыру немесе арқада ауырсынулар болатыны рас па?
— Кез-келген анестезия барысында жанама әсерлер болуы мүмкін.
— Жаңа туған сәбидің кіндігіне «зеленка» жағуды неліктен алып тастады?
— Кіндіктің қалдығына ештеңе жағудың қажеті жоқ, ол өздігінен түсіп қалуы тиіс. Ал егер күдікті белгілер немесе симптомдар болып жатса, дәрігерге қаралған жөн.
Жаңа үйленген жұптардың балалы болуға жоспармен, арнайы дайындықпен кірісетіні жасырын емес. Оған түрлі себептер де бар. Дегенмен, некелерін қиған соң біршама уақыт құрсақ көтермей жүрген жас келіндер де көп. Ендеше, тез жүкті болу үшін жыныстық қатынаспен қашан жәле қалай айналысу керек? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.
Көрнекі фото: yandex.com
Жыныстық қатынаспен қай күндері айналысу керек?
Аналық ұрықтың жетілуі немесе овуляция күндері жүкті болуға өте қолайлы күндер деп есептейді мамандар. Овуляция айына бір рет қана болады. Оны арнайы тест арқылы немесе базальды температураны тексеру арқылы білуге мүмкіндік бар. Әйелдің жыныс жолдарына түскен сперматозоидтер 120 сағат бойы ұрықтандыруға қабілетті болады. Ал ұрықтандырылмаған жасуша тек 24 сағат қана өмір сүреді. Демек, егер жыныс қатынас овуляция кезінің 1-4 күндері аралығында болса, жүкті болу мүмкіндігі жоғары. Егер ұрықтандыру іске аспаса, овуляция кезеңінен 2 аптадан соң етеккір басталады.
Жүкті болу үшін жыныстық қатынаспен қанша рет айналысқан дұрыс?
Құрсаққа шарана бітуі үшін жыныстық қатынас аптасына 2-3 реттен кем болмауы тиіс. Егер күнаралата көк көрпені «бүлкілдетіп» тұрса, тіпті жақсы. Жүктілікті жоспарлап жүргендер етеккірден соң 10-шы мен 18-ші күндер арасында төсек ләззатынан күн сайын тоят тауып жүрсе, нәтижеге тез қол жеткізеді. Аптасына 1-ақ рет жыныстық қатынасқа түсетіндердің жүктілікке қол жеткізу мүмкіндігі небәрі 10% ғана.
Төсек қатынасымен қай кезде күн сайын айналысу керек?
Иә, жүктілікке қол жеткізу үшін күн сайын жыныстық қатынаспен айналысуы керек күндер де бар. Ол – овуляция кезеңі басталғаннан бастап қатарынан төрт күн. Сонымен қатар, содан кейінгі 2 күнде жақсы нәтиже береді. Ал басқа күндері жұптардың қалауына қарай төсек қатынасынан ләззат тауып тұруына болады.Статистика бойынша, жыныстық қатынаспен күнде айналысатындар мен төсектен ләззатты күнара алатындардың жүктілікке қол жеткізу мүмкіндіктері бірдей екен.
Таңертең бе, кешке ме? Жүктілік үшін қай уақыт ыңғайлы?
Айырмасы жоқ. Таңғы төсек ләззаты ма әлде кешкі ме, жүктілік үшін екеуі бірдей. Дегенмен, аналық жасушаны ұрықтандыру қабілеті кешкі уақытта белсенді болатыны зерттеліп, анықталған. Яғни, аталық ұрықтың кешкі уақытта белсенділігі артады. Егер еркекте сексуалдылық жағынан проблема болса, онда жүктілік үшін жұптардың таңертеңгі уақытта жыныстық қатынаспен айналысқаны дұрыс. Себебі, мұндай жағдайда еркектердің бойында құмарлығының оянуына себеп болатын тестостерон гормоны көбірек бөлінеді.
Қандай поза дұрыс?
Жүктілік үшін белгілі бір поза жоқ. Мән беретін жайт – жыныстық қатынастан соң аталық ұрық сыртқа ағып кетпеуін қадағалау қажет. Осы жағдайды есепке алғанда, әйелдер үстіңгі жақтан келетін позаларды таңдамаған дұрыс болмақ. Мүмкін болғанынша, аталық ұрықтың аналығына тезірек жететін позаларды қолдану керек. Олар – «еркек үстіңгі жақтан», «тізерлеп-шынтақтап» және «бір бүйірмен жатып».
Жүкті болу үшін жыныстық қатынастан соң не істеу керек?
Төсектен тоят таба салысымен әйел шалқалай жатып, жамбасын сәл жоғары көтеретін жастықша қойғаны дұрыс. Бұл сперманың ағып кетпеуіне және ұрықтың тереңірек баруына көмектеседі. Қынапқа түскен сперматозоидтардың басым бөлігі 3-5 минут аралығында жатырға түсіп үлгереді. Олардың жолын қысқарту үшін және межеге жетуіне көмектесу мақсатында 15-30 минут бойы төсектен тұрып кетпей жата тұру керек.
Жыныстық қатынастан соң қанша уақытта жүкті болады?
Овуляциясыз жүкті болу мүмкін емес. Егер аталық ұрықтың сапасы мен мөлшеріне проблема болмаса, тұрақты жыныстық қатынас жатыр ішінде сперматозоидке жайлы жағдай жасайды. Сол себепті, ол жеткен бойда аналық жасушаны ұрықтандыру мүмкіндігін жоғарылатады. Спематозоидтардың жылдамдығы минутына 3,5 мм. Демек, ол бір сағатта аналық жасуға жетіп үлгеруі тиіс.
Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!
Денеден тердің бөлінуі – адам терісінде жүзеге асатын маңызды функция. Тер адам ағзасындағы артық сұйықтық болғандықтан, оның сыртқа шығуы – заңдылық. Бірақ, денеміздің көзге көрінер жерлерінен тердің тым көп мөлшерде бөлінуі ыңғайыссыздық тудырады. Тершең адамның бойынан тәулігіне 3 литрден 14 литрге дейін тер бөлініп шығуы мүмкін. Артық тердің шығуы жайсыздық қана емес, денсаулықта бір ақаудың бар екенін білдіреді.
Адам бойынан дене еңбегі кезінде және тағам қабылдаған кезде тер шығуы мүмкін. Психогендік тер адам қуанғанда немесе мұңайып, жылағанда, уайымға салынғанда шығады. Мұндай сәттерде көбнесе алақан мен табан терлеуі мүмкін. Дене еңбегі кезінде, жаттығу жасағанда, спорт залдарында жаттығушының арқасы мен шаш арасы терлейді.Ал тағам қабылдағанда, адамның ыстық тамақты қабылдауынан маңдайынан бұрқырап шығады. Алкоголь қабылдаған кезде де қызу адам көп мөлшерде терлейді.
Қалыпты мөлшерде тердің шығуы — ағза үшін пайдалы. Өйткені ол зат алмасу процессі болып табылады. Тер бүйректегі артық сұйықтықты сыртқа шығарып, тазартады. Тердің құрамы 99 пайыз судан, 1 пайыз органикалық (кератин, аминқышқылдар,сүт қышқылдары) немесе органикалық емес (май, кальций, натрий, темір, цинк) заттардан тұрады.
Тершеңдік жүйке жүйесі зақымданған адамдарда жиі кездеседі. Олар эмоцияға берілгіш келгеннен кейін ағза әр эмоциялық толғанысы кезінде терді шығарып отырады. Бұған бей-жай қараған жақсы емес. Емханаларда тершеңдікті аурудың алғашқы белгісі санап, дәрігердің көмегіне жүгінетіндер аз емес. Тершеңдік қант диабеті, инфекциялық ауру, семіздік, жүрек-қантамыр ауруларының ең алғашқы белгілері болып саналуы мүмкін.
Қолтықтың терлеуі
Көп адам гипергидроздың (тершеңдік) қолтық және табанда болуынан зардап шегіп жатады. Себебі, терлеген қолтық жағымсыз иіс шығарады. Қолтықтың терлеуіне көп жағдайда тар және синтетикалық киім себеп болады. Әрі бұл терлеу жыныс талғамайды. Әсіресе бозбала мен бойжеткен шақта жиі кездеседі. Балаларда байқалмайды. Қолтықтың терлеуі тұқым қуалаушылықтан да болады.
Не істеу керек?
Терлегеніңізді сезінсеңіз, душ қабылдауыңыз керек. Косметикалық дүкендерде сатылатын қолтыққа арналған дезодарантты 12 сағатта бір сеуіп отыруды ұмытпаңыз. Және әр кеште қолтықты жуғаннан кейін, 1шай қасық ас содасы мен 1шай қасық тұзды 200мл суда ерітіп, мақтамен қолтықты сүрту керек. Бұл қолтық гипергидрозын азайтады.
Алақан мен табанның терлеуі
Алақан мен табанның терлеуін акрогидроз деп атайды. Жүйке және жүрек ауруына шалдыққан немесе араққа құмар жандардың алақанымен табаны жиі терлейді. Эмоциясын іште сақтай алмайтын жандардың алақандары терлегіш келеді.Сапасы нашар, аяққа тар аяқ киімдер де аяқты терлетіп, жағымсыз иістің шығуына себепші болады.
Не істеу керек?
Терлегеніңіз сезілсе, алақан арасын ашып отыруыңыз керек. Дұрысы – қолды сабынмен жиі жуу. Аяқ киім таңдауда оны сапасы мен аяққа сыйымдылығын басты назарда ұстау қажет.
Тершеңдікті емдеу
Тершеңдіктен зардап шеккендерді емдеу ұзақ процесс, әрі одан құлан-таза айығып кету мүмкін емес. Бастысы, себебін анықтап, гипергидрозды жоюға күш салу керек. Дәріханалар мен косметикалық дүкендерде бұған түрлі өнімдер бар. Алайда оның бәрінің әсері қағазында жазылғандай емес. Тершеңдікті басу үшін құрамында валериан, бромид, Бехтерев микстурасы бар препараттар ұсынылады. Шатыраш (шалфей) тұнбасымен жуыну да тершеңдіктен құтылуға көмектеседі. Гипергидрозы асқынған адамдар арнайы терапиялық процедуралар арқылы оны бәсеңдетуге тырысу керек.
Дезодоранттар — парфюмериялық өндірісте кең шығарылатын өнім. Ол тершеңдіктен емес, жағымсыз иістен құтылуға көмек береді. Ал тер бөлінуді азайту үшін антиперспирантты пайдаланған жөн. Құрамында формальдегиді бар арнайы дәрі-дәрмектің де көмегі тиіп қалады.
Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстау – ең тиімді, бар аурудың алдын алатын әдіс.
Сурет: o-woman.ru
Егер сізден тер бөлініп отырса немесе қалыпты түрде терлеп отырсаңыз, қорықпаңыз, себебі, тер- адам терісінде жүзеге асатын маңызды функция. Адам ағзасындағы артық сұйықтық тер болғандықтан, оның сыртқа шығуы – заңдылық.
Алайда, денеміздің көзге көрінер жерлерінен тердің тым көп мөлшерде бөлінуі ыңғайсыздық тудырып жататыны бар. Тершең адамның бойынан тәулігіне 3 литрден 14 литрге дейін тер бөлініп шығуы мүмкін. Артық тердің шығуы жайсыздық қана емес, денсаулықта бір ақаудың бар екенін білдіреді.
Адам бойынан дене еңбегі кезінде және тағам қабылдаған кезде тер шығуы мүмкін. Психогендік тер адам қуанғанда немесе мұңайып, жылағанда, уайымға салынғанда шығады. Мұндай сәттерде көбнесе алақан мен табан терлеуі мүмкін. Дене еңбегі кезінде, жаттығу жасағанда, спорт залдарында жаттығушының арқасы мен шаш арасы терлейді.Ал тағам қабылдағанда, адамның ыстық тамақты қабылдауынан маңдайынан бұрқырап шығады. Алкоголь қабылдаған кезде де қызу адам көп мөлшерде терлейді.
Қалыпты мөлшерде тердің шығуы — ағза үшін пайдалы. Өйткені ол зат алмасу процессі болып табылады. Тер бүйректегі артық сұйықтықты сыртқа шығарып, тазартады. Тердің құрамы 99 пайыз судан, 1 пайыз органикалық (кератин, аминқышқылдар,сүт қышқылдары) немесе органикалық емес (май, кальций, натрий, темір, цинк) заттардан тұрады.
Тершеңдік жүйке жүйесі зақымданған адамдарда жиі кездеседі. Олар эмоцияға берілгіш келгеннен кейін ағза әр эмоциялық толғанысы кезінде терді шығарып отырады. Бұған бей-жай қараған жақсы емес. Емханаларда тершеңдікті аурудың алғашқы белгісі санап, дәрігердің көмегіне жүгінетіндер аз емес. Тершеңдік қант диабеті, инфекциялық ауру, семіздік, жүрек-қантамыр ауруларының ең алғашқы белгілері болып саналуы мүмкін.
Қолтықтың терлеуі
Көп адам гипергидроздың (тершеңдік) қолтық және табанда болуынан зардап шегіп жатады. Себебі, терлеген қолтық жағымсыз иіс шығарады. Қолтықтың терлеуіне көп жағдайда тар және синтетикалық киім себеп болады. Әрі бұл терлеу жыныс талғамайды. Әсіресе бозбала мен бойжеткен шақта жиі кездеседі. Балаларда байқалмайды. Қолтықтың терлеуі тұқым қуалаушылықтан да болады.
Не істеу керек?
Терлегеніңізді сезінсеңіз, душ қабылдауыңыз керек. Косметикалық дүкендерде сатылатын қолтыққа арналған дезодарантты 12 сағатта бір сеуіп отыруды ұмытпаңыз. Және әр кеште қолтықты жуғаннан кейін, 1шай қасық ас содасы мен 1шай қасық тұзды 200мл суда ерітіп, мақтамен қолтықты сүрту керек. Бұл қолтық гипергидрозын азайтады.
Алақан мен табанның терлеуі
Алақан мен табанның терлеуін акрогидроз деп атайды. Жүйке және жүрек ауруына шалдыққан немесе араққа құмар жандардың алақанымен табаны жиі терлейді. Эмоциясын іште сақтай алмайтын жандардың алақандары терлегіш келеді.Сапасы нашар, аяққа тар аяқ киімдер де аяқты терлетіп, жағымсыз иістің шығуына себепші болады.
Не істеу керек?
Терлегеніңіз сезілсе, алақан арасын ашып отыруыңыз керек. Дұрысы – қолды сабынмен жиі жуу. Аяқ киім таңдауда оны сапасы мен аяққа сыйымдылығын басты назарда ұстау қажет.
Тершеңдікті емдеу
Тершеңдіктен зардап шеккендерді емдеу ұзақ процесс, әрі одан құлан-таза айығып кету мүмкін емес. Бастысы, себебін анықтап, гипергидрозды жоюға күш салу керек. Дәріханалар мен косметикалық дүкендерде бұған түрлі өнімдер бар. Алайда оның бәрінің әсері қағазында жазылғандай емес. Тершеңдікті басу үшін құрамында валериан, бромид, Бехтерев микстурасы бар препараттар ұсынылады. Шатыраш (шалфей) тұнбасымен жуыну да тершеңдіктен құтылуға көмектеседі. Гипергидрозы асқынған адамдар арнайы терапиялық процедуралар арқылы оны бәсеңдетуге тырысу керек.
Дезодоранттар — парфюмериялық өндірісте кең шығарылатын өнім. Ол тершеңдіктен емес, жағымсыз иістен құтылуға көмек береді. Ал тер бөлінуді азайту үшін антиперспирантты пайдаланған жөн. Құрамында формальдегиді бар арнайы дәрі-дәрмектің де көмегі тиіп қалады.
Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстау – ең тиімді, бар аурудың алдын алатын әдіс.
Аскар Искаков
Жіберіп алмаңыз:
Алақанның терлеуі нені білдіреді?
Кей адам туған кезде құлағының үстінде тесік болады – мұның себебі мынада
Адам денесін сергітетін 9 құбылыс (фото)
Ангинаның медициналық атауы – тонзиллит
/
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Ангина асқынған кезде тамақ бездері ісініп, тұншығып қалу қаупі бар. Бұл сырқат – балалар арасындағы өлімнің бір себебі.
Ангина көмекейдегі бадамша безінің қабынуынан туындайды. Тілдің екі жағындағы көмекейдегі без ағзаға түрлі бактериялар мен вирустарды түсірмей, тыныс алу жолынан сүзіп алып қорғайды. Бірақ кейде бұл қорғаныс безі инфекцияның асқынуына төтеп бере алмай, қабынады. Салдарынан адамның тамағы іріңдеп, қатты ісініп, тыныс алу жолдарын бітейді. Сондықтан, ангинадан тұншығып қалу қаупі бар. Медицинада бұл ауруды тонзиллит деп атайды.
Ангинаның алғашқы белгілері:
- Тамақтың қызарып, айқын ісінуі;
- Бадамша безінде ақ ірің пайда болуы;
- Дене қызуының 38,5 градусқа көтерілуі;
- Әлсіреп, дененің қалтырауы;
- Мойындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауырсыну сезімінің болуы;
- Жөтелдің болмауы.
Оқи отырыңыз: Қандағы гемоглобин деңгейін көтеру үшін не жеген пайдалы?
Егер осы белгілердің кем дегенде екеуі байқалса, онда науқастың ангинаға шалдыққан болуы мүмкін.
Ангинаның пайда болу себептері:
- Вирустар. Егер дәрігер сізде вирустық ангина бар деген қорытынды жасаса, онда ағзаңыз инфекцияларға қарсы тұра алады;
- Бактериялар. Дәлірек айтсақ, А тобындағы стрептококк. Егер бактериялы тонзиллит анықталса, дәрігер антибиотик тағайындайды;
- Тісжегі. Тіс жегісінен пайда болған инфекция ангинаның туындауына себеп. Ангинаның бұл түрі көбінесе балалар арасында кездеседі;
- Дұрыс тамақтанбау, иммунитеттің төмендеуі.
Оқи отырыңыз: Гайморитті үй жағдайында емдеу дұрыс па? Дәрігер кеңесі
Төмендегі белгілер пайда болса, шұғыл түрде жедел жәрдем қызметін шақырған жөн:
• Тыныс алудың қиындауы;
• Тілдің не мойынның ісінуі;
• Мойын және жақ бұлшықеттерінің ауыруынан ауызды ашудың қиындауы;
• Сілекейді жұту мүмкін болмай, оның ауыздан еріксіз ағуы.
Ангинамен 15 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Тонзиллиттің қаупі жыныстық жетілуден кейін төмендейді. Сондықтан бұл сырқат ересек адамдарда сирек болады.Балалар ангинамен сырқаттанғанда дер кезінде емдеу керек. Әйтпесе бұл қауіпті дерт өлімге әкелуі мүмкін.
Ангинаны қалай емдейді?
Тамақ іріңдеп, қатты ісінбеген болса, бұл ангинаның жеңіл түрі. Ол ерекше емді қажет етпейді және өздігінен 7-10 күнде жазылады. Ал созылмалы бактериялық тонзиллит анықталған кезде міндетті түрде дәрігердің нұсқауы бойынша емделген жөн.
«Тонзиллиттің алғашқы белгілері пайда болғанда бірден дәрігерге қаралу керек. Себебі ауру асқынса, ота жасау арқылы бадамша безін алып тастауға тура келеді. Көбінесе құрамында пенициллин бар антибиотиктермен емдеген жөн. Мұндай препараттар инфекциямен жақсы күреседі. Дәрігер тағайындаған антибиотикті қабылдаған соң, науқастың жағдайы бірден жақсара түседі. Бірақ, дәріні соңына дейін толық қабылдау керек. Әйтпесе ауру қайта қозып, антибиотиктерге де бой бермейтін болады», – деді «Салауатты Астана» медициналық орталығының жалпы практика дәрігері Алшынбек Ахтанов.
Оқи отырыңыз: Көзілдірік және линза: қайсысын таңдаған дұрыс?
Ангинамен сырқаттанғанда көбірек тыныққан пайдалы. Одан бөлек, дәрігерлер келесі кеңестерді есте ұстаған жөн екенін айтады:
- Ауырсынуды басу үшін температурасы өзіңізге ыңғайлы жылы сусын немесе балмұздақ жеңіз.
- Шайнауды қажет етпейтін сұйық сіңімді тағамды тұтыныңыз. Олар жұтынған кезде тамақты ауыртпайды.
- Тамағыңызды жылы тұзды сумен шайқаңыз. Егер ауру шыдатпай бара жатса, ибупрофен және парацетамол негізіндегі препараттарды қабылдауға болады.
- Құрамында бензокаин немесе басқа анестетиктер бар кәмпит дәріні сорыңыз.
- Жұтқыншақтағы аурудан арылту үшін спрейді қолдануға болады.
- Бөлмені ылғалдандырыңыз.
- Ангинамен ауырған науқасты оқшаулап, бөлек ыдыс, бөлек қол орамалын берген жөн. Науқастың ас ішкен ыдысын мұқият жуып, 10 минуттай қайнатып алу өте маңызды.
Ангинаны үй жағдайында емдеу жолдары:
- 5 ас қасық ұнтақталған қырықбуынды 1 стакан қайнаған суда 15 минут тұндырып, жылы күйінде тамақты жиі-жиі шаю;
- Бір уыс пияз қабығын жарты литр суға салып, шамалы қайнатып тұндырып, салқындағанда сүзіп алып, жылы күйінде тамақты шаю;
- Кептіріліп ұнтақталған жолжелкен жапырағын 200 мл қайнаған суға салып, 30 минут тұндырып, осы тұнбаға 1 ас қасық бал араластырып, жылы күйінде тамақты сағат сайын шаю;
- 5 грамм прополисті 10 минуттай шайнау;
- Лимон қосылған жылы шай, бал қосылған жылы сүт, минералды су, жылы компотты жиі ішу.
Оқи отырыңыз: Жөтелді үй жағдайында қалай емдеуге болады?
Ангинаны дер кезінде емдемей, асқындырған жағдайда денсаулығыңызға айтарлықтай зиян тигізеді:
- Құлақ қабынады;
- Құлақ ішінде хирургиялық жолмен ғана жоюға болатын іріңдер жиналады;
- Жүрек жұмысына кері әсер ететін ревматизмге әкеледі;
- Бүйрек жұмысын бұзатын гломерулонефрит пайда болады;
- Буын ауруын туғызады.
Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:
Facebook | Instagram | Telegram
Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter