Иммунитет теориясын жасап шы?ар?ан кім
Басқа мағыналар үшін Иммунитет (мағыналары) деген бетті қараңыз.
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Иммунитет — организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.[1]
Зерттеулер[өңдеу]
Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 – 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.
Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.
Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады.
Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган – орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 – 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні – бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әртүрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.[2]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова, Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік, Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Бұл презентацияның бағасы: 400 теңге
Презентация қосу
“Иммунология даму
тарихы.Иммунитет
теориясы”
Жоспар:
• Иммунология анықтамасы
• Иммунологияның дамуына
үлес қосқан ғалымдар
• Иммунитет теориялары
Иммунология- қатерлі
індеттерге қарсы күрес
жолында пайда
болып,адамзатты көптеген
жұқпалы аурулардан
құтқарған ғылым
Індет ауруларына алғаш назар
салып зерттеген мұсылман
ғалымдары Разы мен Ибн
Сина.Олар шешек ауруының
белгілурін басқа індет
ауруларынан ажыратып
көрсетіп,алғаш иммунитет
теориясын жасаған.
Негізгі иммунология
тарихы ағылшын ғалымы
Эдвард Дженнердің
еңбегінен басталады.
1. Дженнер еңбегінің
маңызы:
• Сиыр шешегімен ауырған
адамның табиғи шешекпен
ауырмайтынын дәлелдеді
• Өзінің әдісін кеңінен таратып
егетін бекеттер ұйымдастырды
1976 жылы Дженнер шешуші тәжірибе
қойған.Сара Нельмс деген сиыр шешегі
жұққан сауыншыдан шешек
материалын 8 жасар дені сау Джеймс
деген балаға егеді.1 апта өткен соң
бала сәл ауырып жазылып кетеді.Тағы
1 апта өткен соң нағыз қара шешектің
өзін егеді.Бірақ балаға бұл қатерлі
шешек жұқпайды.Сөйтіп Дженнер
шешек ауруынан құтылудың жолын
тапты.
Ғылыми иммунология атасы –
француз Луй Пастер.Ол вакцина
жасаудың универсалды тәсілін
тауып тырысқақ,күйдіргі,құтыру
ауруларына қарсы вакцина
жасады.
1898-1899 ж.Н.Н.Чистович,Ж.Борде-
Мечников шәкірттері антидене жасалуы
үшін микроорганизмдер керектігі шарт
емес екендігін анықтады.Бірақ бұл
еңбек елеусіз қалды.Қазір осы
жұмыстың әр түрлі жануарлардың тін
антигендерін зерттеуде инфекциялық
емес иммунологияның шығуының
себепкер болғаны анықталып отыр.
1900ж. Ландштейнер қан топтарын
ашты.Олар АВО жүйе деп
аталады.Бір түрге жататын
организмдердің иммунитеттік
айырмашылығын зерттейтін
иммунологияның бір тармағы пайда
болды.Ол-тін изоантигенін
зерттейтін ғылым.
Иммунология ғылымы дамуының жаңа белесі 1945
ж. Басталады және ағылшын ғалымы Медавар
есімімен байланысты.Ол иммунитет ағзаны тек
микробтан ғана емес,сонымен қатар генетикалық
бөгде ағзалардың жасушалары мен тіндерінен де
қорғайтынын дәлелдеді
Ағзаның негізі қатаң бақылануы
не үшін қажет деген сұрақты
қойған Австралия микробиологы
Бернет.Бұл сұрақ иммунитетті
түсінуде көп пайда келтірді.Бұл
сұраққа жауап иммунитеттік
бақылау қағидасын ашуға әкелді.
Иммунологиялық бақылау
қағидасының шығуы, 1969-70 ж.
Иммунитеттің 2 жүйесін – жасушалық
және гуморальдық жүйелердің
ашылуына, қазіргі иммунологияның
пайда болуына әсер етті.
Иммунология жетістіктері
Иммуноглобулин молекуласының құрылымын анықтады
Иммунды процестермен жеке иммуноглобулин класстарының
рөлі ашылды
Лимфоциттердің антиген ажыратушы рецепторларын тапты
Алларгия негіздері пайда болды
Ісікке қарсы иммунитеттің механизмдері жүйеленді және т.б.
Антидене синтезінің алғашқы теориясын Т.Эрлих жасаған.Ол
бойынша әр жасушаның антидене жасайтын ерекше
құрылымы- бүйір тізбегі болады және ол кездейсоқ антигенге
дәл келетін болады.Ол жасушадан бөлініп қанға түссе
антиденеге айналады.Антиген молекуласы өзіне сәйкес
келетін құрылымды таңдап тауып алып, оны дәл көбейтеді
деп айтқан. Бұл алғашқы сұрыптау гипотезесы еді.
Ф.Бернет,Феннер 1941 ж. Тікелей емес
матрица теориясын жасады.Ол
бойынша антиген ферменттердің
қызметін өзгертіп қосалқы әсер
етеді.Кейін инструктивті гипотезаның
көп варианттары шықты,антиген
мутаген сияқты ДНК-ға,РНК-ға әсер
етеді деген.
1950ж.Ерне Эрлих идеяларына қайта келіп
“табиғи сұрыптау” гипотезасын енгізді.Ол
бойынша эмбрион сатысында айырша безде
әртүрлі антидене молекулалары
болады.антиген организмге енгенде сәйкес
келетін антиденемен әсерлесіп комплекс
құрады.Бұл комплек жасуша ішіне кіргенде
жасуша оны молекулалар жасауға модель
ретінде пайдаланады.
Сұрыптау идеясының әрі дамуы
Бернеттің клон сұрыптау теориясына
байланысты.Бұл теория бойынша
антигеннің жалғыз ғана қызметі,өзінің
лимфа жасушаларымен
жолығуы,олардың көбейуіне стимул
жасауы.
Қазіргі күндері
иммунологияның жалпы
биологиялық мәні бар ол өз
дамуында да биология мен
медицинаға көп әсер жасап
отыр
Оналбеков М.Ш,
Емдеу ісі факультеті
4 курс 434 топ.
Ұқсас жұмыстар
Биология. 8-сынып.
Тақырып. Организмнің ішкі ортасы. Қан топтары. Иммунитет.
Мақсаты: Қанның кұрамы, ағзаның ішкі ортасы туралы ұғым қалыптастыру.
Оқытудын жаңа тәсілдерін пайдаланып, оқушы белсенділігін арттыру. Оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой толғанысын туғызу.
Қанның қызметтерін зерттеп, қан топтарын ашқан ғалымдар жайлы ақпараттар жинақтау.
Білу.
Ой шақыру. (Вызов)
Семантикалық карта. «Қан жасушалары». Сәйкес жауапқа «+» таңбасын қою.
Қанның ұйюына қатысады.
Түсіну. Ой шақыру. (Вызов)
Жауабы: 1.F. 2. C. 3. D. 4. E. 5.B. 6. A.
Қолдану. Ой қозғау. (Осмысление)
Қолдану. Ой қозғау. (Осмысление)
Қан топтарын бір біріне сәйкестендіріп құю сызбасын жаса.
І
І
ІІ ІІІ
ІІ ІІІ
ІV
ІV
Өзектілігі
Шешу жолдары
Қандай нәтиже береді.
Талдау. Ой қозғау. (Осмысление)
Терминдермен жұмыс
Жинақтау. (Синтез). Ой қозғау. (Осмысление)
Микробиолог ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты фагоцитоз теориясының негізін қалаған ……
Аурудың алдын алу үшін алғашқы болып вакцинаны ойлап тапқан ағылшын дәрігері, ғалым …..
Иммунитет – адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы ….
Терминдермен жұмыс
…………… – жүре пайда болған иммунитет тапшылығы. Адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру.
Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін
(пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұлаурулармен адам ағзасы күресе алмайды.
Оқушылар баяндамалары.
Физиолог И.И. Мечников.
Илья Ильич Мечников (3(15).5.1845, Украина, Харьков облысы Купянск ауданы – 2(15).7.1916, Париж) – Ресей биологы, эволюциялық эмбриологияның негізін салушылардың бірі, қабынудың салыстырмалы патологиясын және иммунитеттің фагоцитоздық теориясын жасаушы.
Петербург ҰА-ның құрметті мүшесі (1902). Харьков университетін бітірген (1864). Мечниковтің ғылыми-зерттеу жұмыстары биология мен медицинаның түрлі салаларына арналған. 1866 – 86 жылдары салыстырмалы және эволюциялық эмбриология мәселелерін зерттеді (А.О. Ковалевскиймен бірге); көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы жаңа теория ұсынды. 1882 жылы фагоцитоз құбылысын ашып, соның негізінде қабынудың салыстырмалы патологиясын анықтады (1892). Иммунитеттің фагоцитоздық теориясын ашқаны үшін (неміс ғалымы П.Эрлихпен бірге) Мечниковке Нобель сыйлығы берілді (1908). Мечников тырысқақтың, іш сүзегінің, туберкулездің, т.б. жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын зерттеп, оларға қарсы күресетін түрлі тәсілдерін анықтаған. Мечниковтің мезгілінен бұрын қартаюға қарсы күресу жөніндегі ілімі ортобиоз теориясы деген атпен дүние жүзіне белгілі болды.
1796 ж. ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина тапқанын жариялады.
Бағалау
Оқушылардың тақырып бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы тест сұрақтары.
1. Қан топтары қай жылы ашылды?
а) 1900 ж
ә) 1940 ж
б) 1865 ж
в) 1818 ж
2. Қан топтарын ашқан кім?
а) Мечников
ә) Ландштейнер
б) Пастер
в) Эдуард Дженнер
3. Қан қабылдайтын адам —
а) донор
ә) сыйлаушы
б) реципиент
в) қан беруші
4. Екінші топты қанды қабылдайтын топтар
а) 1 және 4 топтар
ә) 2 және 4 топтар
б) 3 және 1 топтар
в) 3 және 2 топтар
5. Қанды беруші адам.
а) донор
ә) реципиент
б) фагоцитоз
в) пиноцитоз
6. Универсалды донор деп қандай қан тобын атайды?
а) І топ
ә) ІІ топ
б) ІІІ топ
в) ІҮ топ
7. Иммунитет теориясының, фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?
а) Э.Дженнер
ә) Л. Пастер
б) И.И.Сеченов
в) И.И.Мечников
8. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз.
а) эритроцит
ә) антидене
б) лейкоцит
в) тромбоцит
9. Шешекке (оспа) қарсы егуді алғаш қолданған ағылшын дәрігері
а) Ч.Дарвин
ә) Л. Пастер
б) Л.Гук
в) Э.Дженнер
10.Табиғи иммунитет нешеге бөлінеді?
а) туа пайда болған және жүре пайда болған
ә) белсенді және әлсіз
в) жүре пайда болған және белсенді
11. Егу арқылы қалыптасқан иммунитет.
а) табиғи
ә) туа біткен
б) жасанды
в) жүре пайда болған.
12. Иммунитеттің түрлерін ата
а) табиғи және жасанды
ә) туа біткенжәне тұқым қуалайтын
б) жасанды және белсенді
в) уақытша және тұрақты
13. Жалпы барлық адам санының неше процентінде резус – фактор ақуызы болады?
а) 65,5 %
ә) 85 %
б) 95%
в) 25,5%
14. Қан ұйымаушылық ауруы
а) эритроцит
ә) антидене
б) лейкоцит
в) гемофилия
1ә
2ә
3б
4ә
5а
6а
7в
8ә
9в
10а
11б
12а
13ә
14в
Рефлексия.
Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?
Ол мен үшін неге қиын болды?
Бұл қиындықтарды ненің көмегімен жеңдім немесе жеңе аламын?
Бағалау парағы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Федосеев негізгі мектебі»ММ
Организмнің ішкі ортасы.
Қан топтары.
Иммунитет
Ашық сабақ.
Биология. 8 – сынып.
Мұғалім: Шопанов А.Ж.
Федосеев с. 2016-2017 оқу жылы
Дидактика
Биология. 8-сынып.
Тақырып. Организмнің ішкі ортасы. Қан топтары. Иммунитет.
Мақсаты: Қанның кұрамы, ағзаның ішкі ортасы туралы ұғым қалыптастыру.
Оқытудын жаңа тәсілдерін пайдаланып, оқушы белсенділігін арттыру. Оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой толғанысын туғызу.
Қанның қызметтерін зерттеп, қан топтарын ашқан ғалымдар жайлы ақпараттар жинақтау.
Білу.
Ой шақыру. (Вызов)
Семантикалық карта. «Қан жасушалары». Сәйкес жауапқа «+» таңбасын қою.
Атқаратын қызметі
Қан жасушалары
Адам ағзасын О2 қамтамасыз етеді
Қанның ұйюына қатысады.
Адам ағзасын ауру туғызатын бактериялардан қорғайды
Қанның сұйық бөлігі
Қан айналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы
Эритроциттер
лейкоциттер
тромбоциттер
Плазма
Гематология
Семантикалық карта. «Қан жасушалары». Сәйкес жауапқа «+» таңбасын қою.
Атқаратын қызметі
Қан жасушалары
Адам ағзасын О2 қамтамасыз етеді
Қанның ұйюына қатысады.
Адам ағзасын ауру туғызатын бактериялардан қорғайды
Қанның сұйық бөлігі
Қан айналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы
Эритроциттер
лейкоциттер
тромбоциттер
Плазма
Гематология
Семантикалық карта. «Қан жасушалары». Сәйкес жауапқа «+» таңбасын қою.
Атқаратын қызметі
Қан жасушалары
Адам ағзасын О2 қамтамасыз етеді
Қанның ұйюына қатысады.
Адам ағзасын ауру туғызатын бактериялардан қорғайды
Қанның сұйық бөлігі
Қан айналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы
Эритроциттер
лейкоциттер
тромбоциттер
Плазма
Гематология
Түсіну. Сәйкес жауаптарын тап
Сәйкес жауаптарын тап
Сәйкес жауаптарын тап
Жауабы: 1.F. 2. C. 3. D. 4. E. 5.B. 6. A.
Қолдану. Ой қозғау. (Осмысление)
Қолдану. Ой қозғау. (Осмысление)
Қан топтарын бір біріне сәйкестендіріп құю сызбасын жаса.
І
І
ІІ ІІІ
ІІ ІІІ
ІV
ІV
Өзектілігі
Шешу жолдары
Қандай нәтиже береді.
Талдау. Ой қозғау. (Осмысление)
Терминдермен жұмыс
Жинақтау. (Синтез). Ой қозғау. (Осмысление)
Микробиолог ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты фагоцитоз теориясының негізін қалаған ……
Аурудың алдын алу үшін алғашқы болып вакцинаны ойлап тапқан ағылшын дәрігері, ғалым …..
Иммунитет – адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы ….
…………… – жүре пайда болған иммунитет тапшылығы. Адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру.
Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін
(пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұлаурулармен адам ағзасы күресе алмайды.
Оқушылар баяндамалары.
Физиолог И.И. Мечников.
Илья Ильич Мечников (3(15).5.1845, Украина, Харьков облысы Купянск ауданы – 2(15).7.1916, Париж) – Ресей биологы, эволюциялық эмбриологияның негізін салушылардың бірі, қабынудың салыстырмалы патологиясын және иммунитеттің фагоцитоздық теориясын жасаушы.
Петербург ҰА-ның құрметті мүшесі (1902). Харьков университетін бітірген (1864). Мечниковтің ғылыми-зерттеу жұмыстары биология мен медицинаның түрлі салаларына арналған. 1866 – 86 жылдары салыстырмалы және эволюциялық эмбриология мәселелерін зерттеді (А.О. Ковалевскиймен бірге); көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы жаңа теория ұсынды. 1882 жылы фагоцитоз құбылысын ашып, соның негізінде қабынудың салыстырмалы патологиясын анықтады (1892). Иммунитеттің фагоцитоздық теориясын ашқаны үшін (неміс ғалымы П.Эрлихпен бірге) Мечниковке Нобель сыйлығы берілді (1908). Мечников тырысқақтың, іш сүзегінің, туберкулездің, т.б. жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын зерттеп, оларға қарсы күресетін түрлі тәсілдерін анықтаған. Мечниковтің мезгілінен бұрын қартаюға қарсы күресу жөніндегі ілімі ортобиоз теориясы деген атпен дүние жүзіне белгілі болды.
1796 ж. ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина тапқанын жариялады.
Бағалау
Оқушылардың тақырып бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы тест сұрақтары.
1. Қан топтары қай жылы ашылды?
а) 1900 ж
ә) 1940 ж
б) 1865 ж
в) 1818 ж
2. Қан топтарын ашқан кім?
а) Мечников
ә) Ландштейнер
б) Пастер
в) Эдуард Дженнер
3. Қан қабылдайтын адам —
а) донор
ә) сыйлаушы
б) реципиент
в) қан беруші
4. Екінші топты қанды қабылдайтын топтар
а) 1 және 4 топтар
ә) 2 және 4 топтар
б) 3 және 1 топтар
в) 3 және 2 топтар
5. Қанды беруші адам.
а) донор
ә) реципиент
б) фагоцитоз
в) пиноцитоз
6. Универсалды донор деп қандай қан тобын атайды?
а) І топ
ә) ІІ топ
б) ІІІ топ
в) ІҮ топ
7. Иммунитет теориясының, фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?
а) Э.Дженнер
ә) Л. Пастер
б) И.И.Сеченов
в) И.И.Мечников
8. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз.
а) эритроцит
ә) антидене
б) лейкоцит
в) тромбоцит
9. Шешекке (оспа) қарсы егуді алғаш қолданған ағылшын дәрігері
а) Ч.Дарвин
ә) Л. Пастер
б) Л.Гук
в) Э.Дженнер
10.Табиғи иммунитет нешеге бөлінеді?
а) туа пайда болған және жүре пайда болған
ә) белсенді және әлсіз
в) жүре пайда болған және белсенді
11. Егу арқылы қалыптасқан иммунитет.
а) табиғи
ә) туа біткен
б) жасанды
в) жүре пайда болған.
12. Иммунитеттің түрлерін ата
а) табиғи және жасанды
ә) туа біткенжәне тұқым қуалайтын
б) жасанды және белсенді
в) уақытша және тұрақты
13. Жалпы барлық адам санының неше процентінде резус – фактор ақуызы болады?
а) 65,5 %
ә) 85 %
б) 95%
в) 25,5%
14. Қан ұйымаушылық ауруы
а) эритроцит
ә) антидене
б) лейкоцит
в) гемофилия
1ә
2ә
3б
4ә
5а
6а
7в
8ә
9в
10а
11б
12а
13ә
14в
Рефлексия.
Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?
Ол мен үшін неге қиын болды?
Бұл қиындықтарды ненің көмегімен жеңдім немесе жеңе аламын?
Бағалау парағы