Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Иммунитет туралы слайд ?аза?ша thumbnail

1.

Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университеті
Медицина факультеті
Тақырыбы:Иммунитет.Иммунитет
түрлері.
Қабылдаған:Асанова Ғ
Орындаған:Незамединов А
Тобы:Жм-207

2.

Иммунитет дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді
немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті.
Әрине бұндай қасиет организмнің жеке басының
тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды
микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі
бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы тұра
алатындығына тікелей байланысты. Осындай өз ара
байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде
аса күрделі биологиялық процестер басталады.
Сөйтіп, организмде қорғаныштық қасиет арта түседі,
оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды
құртатын және улы заттардың уытын жойып
ыдырататын қабілеті күшейеді.. Иммунитет түзілуде
бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бұнда
басқарушы және бағыттаушы—орталық нерв жүйесі.

3.

4.

Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв
системасының ұштары арқылы сарысу
гамма-глобулиндерін түзетін тиісті органдарға
әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті
антителалар бөледі. Осында клетка ішінде
кандай процестер орын алатыны жөнінде
толық мағлұмат жоқ.
Иммунитет пайда болуда сыртқы орта
жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс
қызу, салқындау немесе организмнің аса
шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін
нашарлатады.

5.

6.

Сонымен бірге иммунитеттің
организмде жақсы түзілуін тамақтың
нашарлығы, соның ішінде А және С
витаминдерінің, фосфор және кальций
түздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан
зиянды әсерлерге қарсы күресуде
арнаулы шаралармен қатар
(вакциналар егу т. б.) малдарды және
адамдарды толық бағалы қоректік
заттармен қамтамасыз ету қажет деген
қорытынды шығаруға болады.

7.

8.

Жалпы иммунитеттің бірнеше түрлерін
ажыратады. Оны мына схемадан көруге
болады:
Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет—
адамдар және жануарлардың белгілі бір
түріне тән. Ол түқым қуалайды. Бұдан мүйізді
ірі қара малдың — жылқының маңқасымен,
жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен
шошқа обасымен ауырмауы мысал бола
алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше
зиянды әсерге қарсы әсер ете алады.

9.

10.

11.

Жасанды иммунитет адам мен жануарларда
жұқпалы аурулар-дың әсерінен пайда болады
және оны табиғи -жағдайда қабылдаған
иммунитет деп те атайды. Егер де
иммунитеттер организмге түрлі биологиялық
препараттарды енгізгенде (егу, вакцина,
сарысу енгізу) пайда болса, оны жасанды
жолмен түзілген иммунитет деп атайды.
Бұнда организмдегі түзілген иммунитет
зиянды микробтың бір ғана түріне арналады.

12.

13.

Табиғи жолмен түзілген иммунитет
әдеттегіше үзақ болады. Ал кейбір
ауруларға қарсы түзілген иммунитет
организмде бүкіл тіршілік барысында
сақталыл қалады. Мәселе адамдар
шешөк, обамен бір рет ауырса, екінші
рет ауырмайды. Тіршілік барысында
түзілген иммунитетті актив және пассив
деп өкіге бөлуге болады. Бүнда
организм зиянды әсерге өзі иммунитет
қүрайды.

14.

15.

Жасанды жолмен құралған актив
иммунитет түрақсыздау. Мәселен,
паратифке қарсы бұзауларда жасалған
иммунитет тек 6 ай бойына ғана
сақталады. «Сибирь жарасына» қарсы
жасалған иммунитет тек бірақ жылға
жетеді

16.

17.

Актив иммунитет организмге вакцина енгізілгеннен кейін 2—10 күн еткен соң түзіледі.
Активті иммунитет гуморальды (антиденемен
сипатталатын); торшалық
(иммунокомпитентті торшалармен
сипатталатын); торшалық-гуморальдық,
болады. Мысалы ботулизм мен столбняктың
антитоксикалық иммунитеті гуморальда,
өйткені ол қан айналымындағы
антиденелермен сипатталады. Алапес
немесе туберкулез кезінде иммунитетторшалық, ал оспада-торшалық-гуморальды.

18.

пассивті иммуиитет иммуңды сары суды
ағзаға енгізу, иммунды торшаларды
тасымалдау (нересадка) немесе
анасынан баласына берілетін
антиденелермен сипатталады.
пассив, сарысу имму-витеті организмге
дайын қорғаныш заттарды енгізгенде
түзіледі.

19.

20.

Түрлі аурулармен ауырған организмнің
сарысуында осы ауруға қарсы
иммунитет күраушы заттар пайда
болады. Оларды арнаулы фабрикада
өндіреді. Бүл үшін малдарға ауру
қоздырғыш микроб-тардан жасалған
вакцинаны енгізеді. Сонда сол малдар
қанының сары суында қорғаныш заттар
— антителалар түзіледі

21.

22.

Осындай сарысуды алып, басқа
малдарға енгізгенде оларда осы ауруға
қарсы тұра алатындық иммунитет
түзіледі, бірақ бүл түрақсыз иммунитет,
оның үзақтығы 2—3 жүма-ақ.
Табиғи пассив иммунитет организмге,
оның әсіресе дүниеге келер кезінде
анасының сүтімен немесе жатыр
арқылы беріледі.

23.

24.

Пайдаланған әдебиет
↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы:
«Сөздік-Словарь», 2009. ISBN 9965-822-54-9
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар:
«ЭКО» ҒӨФ. 2007. — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
↑ Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология.
Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-6300283-X
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар:
«ЭКО» ҒӨФ. 2007. — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы:
«Сөздік-Словарь», 2009. ISBN 9965-822-54-9

25.

Назар аударғандарынызға
рахмет

Источник

Вы можете изучить и скачать доклад-презентацию на
тему Иммунитет түрлері. Бейспецификалық иммунитеттің жасушалық және гуморалдық факторы.
Презентация на заданную тему содержит 40 слайдов. Для просмотра воспользуйтесь
проигрывателем,
если материал оказался полезным для Вас — поделитесь им с друзьями с
помощью социальных кнопок и добавьте наш сайт презентаций в закладки!

Читайте также:  Клеточно опосредованный гуморальный иммунитет

Презентации»
Медицина»

Иммунитет түрлері. Бейспецификалық иммунитеттің жасушалық және гуморалдық факторы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 2
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

иммунитет.
иммунитет.
Иммунитет түрлері. Бейспецификалық иммунитеттің жасушалық және гуморалдық факторы

Слайд 3
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Иммунитет — организм докторы

Слайд 4
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Л.Пастер ХІХ ғасырдың екінші жартысында ең бірінші рет ғылыми негізде үй хайуандарының тістеуінен болатын адамдардың жындануына қарсы су ойлап тапты.

Слайд 5
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Э.Дженер ХVІІІ ғасырдың аяғында шешек ауруына қарсы егу қолданды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында иммунитет теориясының негізі қалыптасты. Бұған бірінші И. Мечниковтің ашқан иммунитеттің фагоциттік теориясын және П.Эрлих ашқан иммунитеттің гуморальдық теориясын жатқызуға болады.

Слайд 6
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

ИММУНИТЕТ дегеніміз ағзаның өзін генетикалық тұрғыдан бөтен заттардан, жұқпалы аурулардан, микробтардан, улы заттардан қорғауы.
ИММУНОЛОГИЯ — ағзаның қорғаныштық реакциясын зерттейтін ғылым. Ағзаның иммунитетін иммундық жүйе қамтамассыз етеді.
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕ орталық мүше (сүйек кемігі, тимус) және шеткі мүшелерден (лимфа түйіндері,миндалиндер, көкбауыр) құралған.

Слайд 7
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Адам организміндегі иммундық жүйе, оның құрылысы

Слайд 8
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

ИММУНИТЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ:
ИММУНИТЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ:
Табиғи белсенді емес иммунитет немесе туа біткен иммунитет түрінде сәби ана ағзасынан плацента арқылы немесе емізу арқылы дайын қарсыденелер алады.
Табиғи белсенді иммунитет немесе жүре пайда болған иммунитет ағзаның аурумен ауырған кезінде қарсыденелерді өзі түзуі арқылы қалыптасады.

Слайд 9
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 10
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Белсенді емес жасанды иммунитет ағзаға дайын қарсыденелер енгізілуі арқылы пайда болады. Емдік сарысуды алдын ала әдейі қарсыгендермен жұқтырылған жануарлардан алынады. Кейін сарысу сол аурумен ауыратын адамға егіледі. Бұл сарысудағы қарсыденелер ағзаның өзінің қарсыденелері түзілгенше аурумен күресуге көмектеседі. Мұндай иммунитет ұзақ уақытқа сақталмайды.
Белсенді жасанды иммунитет ағзаға вакцина егу арқылы түзіледі. Вакцина – залалсыздандырылған, әлсізетілген немесе өлтірілген микроағзалардан дайындалады.Вакцинация нәтижесінде ауру жеңіл түрде өтіп ағзаның өзі қарсыденелер түзеді.Иммунитеттің бұл түрі ұзақ уақытқа сақталады.

Слайд 11
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 12
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 13
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

ИММУНИТЕТ ТҮРЛЕРІ:
Арнайы емес жасушалық иммунитет белгілі бір қарсыгенді емес, кез-келген қарсыгенді фагацитозды жолмен залалсыздандырады. Фагоцитозды лейкоциттер мен макрофагалар жүзеге асырады.
Арнайы емес гуморальдық иммунитетті плазма ақуыздары іске асырады. Олар қандай да болмасын бөгде бөлшектерді жойып жіберу ағза жасушаларын белсендіруді іске асырады.
Арнайы иммундық жүйеде белгілі қарсыгенге арнайы қарсыдене түзуі арқылы жүзеге асады. Ол 2 түрлі болады: арнайы жасушалық иммунитет және арнайы гуморальдық иммунитет.

Слайд 14
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 15
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Адам жасушасында иммунитеттің қалыптасуы

Слайд 16
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Арнайы иммунитет бөгде факторлармен, яғни қарсыгендермен әрекеттескеннен кейін ғана қалыптасады. Арнайы иммунитетте Т және В лимфоциттер рөл атқарады. Т лимфоциттері бөгде жасушаларды таниды, шабуыл жасайды және жойып жібереді, сонымен қатар В лимфоциттерге хабарлайды. В лимфоциттері болса танымайтын бөгде денелерге қарсыдене шығарады. Одан соң ол бұл қарсыденені есіне сақтап қалады. Сондықтан сол ауруды туғызатын жұқпа әсері қайталанып, адам ауруға шалдыққанда, лимфоциттер бұрынғыдан да тезірек түзіледі. Сөйтіп, адам организмінің ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады.
Арнайы иммунитет бөгде факторлармен, яғни қарсыгендермен әрекеттескеннен кейін ғана қалыптасады. Арнайы иммунитетте Т және В лимфоциттер рөл атқарады. Т лимфоциттері бөгде жасушаларды таниды, шабуыл жасайды және жойып жібереді, сонымен қатар В лимфоциттерге хабарлайды. В лимфоциттері болса танымайтын бөгде денелерге қарсыдене шығарады. Одан соң ол бұл қарсыденені есіне сақтап қалады. Сондықтан сол ауруды туғызатын жұқпа әсері қайталанып, адам ауруға шалдыққанда, лимфоциттер бұрынғыдан да тезірек түзіледі. Сөйтіп, адам организмінің ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады.
Қоршаған ортаның кейбір факторларына, мысалы, азық-түлікке, иісті заттарға, медициналық препараттарға, тұрмыстық химия заттарына организмнің сезгіштігін аллергия деп атаймыз. Аллергия тудыратын заттарды аллерген дейміз.

Слайд 17
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

В лимфоциттерде аллергияның пайда болуы

Слайд 18
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Қарсы гендер (антиген) – ағзаға енген бөгде заттар, микробтар және олардың бөлетін улы заттары.
Қарсыденелер (антитела) – ағзаның қарсыгендерге қарсы түзетін арнайы ақуызды заттар. Қарсыденелер В- лимфоциттерінен түзілетін жасушалар тарапынан жасалады. Қарсыденелердің қарсыгендермен әрекеттесуінің нәтижесінде қарсыгендер залалсыздандырады. Қарсыденелерді кейде иммуноглобулиндер деп те атайды. Әр қарсыдене тек бір түрлі қарсыгенмен әрекеттеседі. Бір рет әрекеттескеннен кейін қарсыгенді лимфоциттер есте сақтап қалады.

Читайте также:  Какие фрукты полезны при иммунитете

Слайд 19
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 20
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 21
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Лимфа ұлпаларындағы иммуноглобулиндер

Слайд 22
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Организм сыртқы ортадағы микробтардан иммунитет арқылы қорғанады.

Слайд 23
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 24
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Клеткадағы антиген және антидене

Слайд 25
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 26
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Вирусқа қарсы антиген мен антитела

Слайд 27
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары.
Жоғарыда айтылғандай, микробтардан және антигендерден бейспецификалық қорғауда, үш кедергі маңызды рөл атқарады: механикалық, физикалық-химиялық және имундыбиологиялық. Тері, шырышты қабықша, ферменттер, фагоцитоздаушы жасуша, комплемент, интерферон және қан сарысуының тежеуші ақуыздары аталған тосқауылдарының негізгі қорғаныс факторлары болып табылады.

Слайд 28
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Тері және шырышты қабықтар.
Сау терінің көпқабатты эпителиясынан микробтар мен макромолекулалар өте алмайды. Бірақ, байқалмайтын микрожарақат алғанда, жәндіктер шаққанда, күйікке шалдыққанда, жарақаттанған кезде тері және шырышты қабық арқылы микробтар мен макромолекулалар өту мүмкіншілігі туады.

Слайд 29
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Тері жасушасындағы антиген

Слайд 30
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 31
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Химиялық дәрі-дәрмек арқылы қорғаныс

Слайд 32
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Иммунобиологиялық қорғаныс.
Фагоцитоз.
Фагоцитоз (грек.phagos-жұтамын, обимын, cytos-жасуша), ағзаны бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Фагоцитоз механизмі арнайы мамандалған жасушалар – фагоциттардың бөгде затты жұтып, қорытып және залалсыздандыруына негізделген. И.И. Мечников фагоцитоз атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.

Слайд 33
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 34
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Фагоциттердің негізгі функциясы.
Өлген жасушалар мен олардың құрамдық бөлшектерін ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары)
Ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері)
Микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар)
Ағзаның төзімділігін қамтамассыз ететін биологиялық белсенді (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б)
Иммундық жүйенің реттеуіне қатысады
Иммунды компонентті жасушалардың кооперациясына қатысады.

Слайд 35
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

фагоцитоз

Слайд 36
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 37
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Описание слайда:

Антиген схемасы

Слайд 38
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 39
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Слайд 40
Иммунитет туралы слайд ?аза?ша

Презентация успешно отправлена!

Ошибка! Введите корректный Email!

Email

Источник

 Басқа мағыналар үшін Иммунитет (мағыналары) деген бетті қараңыз.

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.

Иммунитет — организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.[1]

Зерттеулер[өңдеу]

Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 – 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.

Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]

Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.

Читайте также:  Препараты для стимуляции иммунитета взрослым

Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]

Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады.

Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган – орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 – 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні – бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әртүрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.[2]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова, Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік, Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Источник