Ж?ре пайда бол?ан иммунитет
Басқа мағыналар үшін Иммунитет (мағыналары) деген бетті қараңыз.
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Иммунитет — организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.[1]
Зерттеулер[өңдеу]
Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 – 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.
Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]
Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.
Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]
Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады.
Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган – орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 – 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні – бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әртүрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.[2]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова, Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік, Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Создайте Ваш сайт учителя
Курсы ПК и ППК
Видеоуроки
Олимпиады
Вебинары для учителей
- Главная
- Биология
- Уроки
- Иммунитет. Иммунды? ж?йені? м?шелері.
Та?ырып: Иммунитет. Иммунды? ж?йені? м?шелері.
Ма?саты:
Білімділік: Иммунитет туралы ??ыммен, иммунитет т?рлерімен таныстыру.
Дамытушылы?: п?нге ?ызы?уын арттыру
Т?рбиелік: салауатты ?мір с?ру ?деттеріне т?рбиелеу.
Саба?ты? барысы: 1. ?йымдастыру.
2. ?й тапсырмасын тексеру
3. Жа?а саба?ты т?сіндіру.
К?рнектілігі: суреттер, кестелер, т. б.
Саба?ты? барысы:
І ?йымдастыру кезе?і
ІІ ?й ж?мысын тексеру
ІІІ Жа?а саба?
Иммунитет. Бізге ауру тудыратын микроорганизмдерді фагоцитоздайтын лейкоциттерді? ?ор?анышты? ?ызметі белгілі. Біра? фагоцитоздан бас?а лейкоциттер организмге ауру ?оздыр?ыштарыны? енуіне жауап ретінде ерекше н?руыздар – антиденелер т?зуге ?абілетті. Лейкоциттерді? бір т?рі – лимфоциттер осындай ?абілетке ие. Антиденелер ауру тудыратын бактериялар мен вирустарды? тіршілік ?рекеттеріні? ?німдерін зиянсыздандырады ж?не бейтараптайды. Кейбір антиденелер ?ата? белгілі бір ?оздыр?ыштар?а, ал бас?алары бірнеше ауру ?оздыр?ыштарына ?рекет етеді. Антидене организні? ж??палы ауруларды ?абылдамауын, жалпы ?арсы т?ру д?режесін арттырады.
Организмні? енген ж??палы ж?не б?где денелер ?рекетін ?абылдамауы иммунитет деп аталады. Иммунитет таби?и ж?не жасанды болып б?лінеді.
Таби?и иммунитет туа бітеді ж?не ж?ре пайда болады. Туа біткен иммунитет адам туыл?аннан бастап болады. Ол бала?а т??ым ?уалау ар?ылы беріледі. Ал адам ?андай да бір ж??палы аурумен ауыр?аннан кейін пайда бол?ан иммунитет ж?ре пайда бол?ан иммунитет деп аталады.
Жасанды енжар иммунитет те болады, б?л кезде ауыр?ан адам?а емдік сарысу т?рінде дайын антиденелерді енгізеді. Себебі ауру организм тез дамып жат?ан инфекция?а ?арсы ?ажетті м?лшерде антиденелер жасап ?лгермейді де, адам ?ліп кетуі м?мкін.
Енжар иммунитет, шамамен, 4 – 6 апта са?талады да, содан кейін антиденелер б?зылып, иммунитет жойылады. Кейбір ж??палы аурулардан кейін иммунитет пайда болмайды. Мысалы, адам баспамен бірнеше рет ауруы м?мкін.
Иммунды? ж?йе м?шелері — организмні? б?где заттар?а (бактериялар, вирустар, т?рлі протеиндер) ?арсы т?ру ?абілеттілігін жо?арылататын ж?йе м?шелері. Иммунды? ж?йе м?шелеріне с?йекті? ?ызы,л кемігі, тимус (айырша без),к?кбауыр, лимфа т?йіндері, ?рт?рлі ішкі м?шелердегі лимфоидты ?лпа жиынты?тары жатады. Иммунды? ?ор?аныс?а иммунды? ж?йе м?шелерінде т?зілетін иммуноциттер (Т-ж?не В-лимфоциттер, плазмоциттер) ?атысады. Т-лимфоциттер жануарлар организміндегі жасушалы? иммунитетті, В- лимфоциттер ж?не оларды? туындыларды плазмоциттер денеге енген б?где заттар?а ?арсы — денелер т?зу ар?ылы гуморальды? иммунитетті ?алыптастырады.
Иммунды? ж?йе адам а?засында негізінен ?ор?анышты? ?ызмет ат?арады. Иммунды? ж?йеде орталы? ж?не шеткі м?шелер болады. Орталы? м?шелеріне – с?йек кемігінде болатын кемік майы ж?не айырша без (тимус) жатады. Кемік майы ?абыр?аларда, омырт?аларда, жіліктерді? шеміршекті ?штарында ж?не т. б. с?йектерде кездеседі. Ол а?зада ?мір бойы са?талады да, одан ?немі ?ан жасушалары т?зіліп отырады. Ересек адамны? с?йектерінде кемік майыны? м?лшері шамамен 2,5–3 кг. Кемік майы екі т?рлі. Оны? біріншісі – ?ыс?а ж?не жалпа? с?йектерді? кемікті ?уыстарында?ы ?ызыл т?сті кемік майы. Екіншісі – т?тік пішінді с?йектерді? (жіліктерді?) ішкі ?уысында?ы сары т?сті жілік майы. Иммунды? м?шелер а?заны? ішкі ортасыны? т?ра?тылы?ын ж?не генетикалы? т?тасты?ын ?амтамасыз етеді. Иммунды? м?шелерде т?зілген лимфоцит жасушаларыны? а?за ?шін ма?ызы ?те зор. Лимфоцит жасушаларын ат?аратын ?ызметіне байланысты 2 топ?а б?леді. Оларды? біріншісі Т-лимфоциттер, екіншісі – В-лимфоциттер деп аталады. Лимфоциттерді? б?л екі тобы да негізінен кемік майында т?зіледі. Т-лимфоциттер айырша безде, В-лимфоциттер лимфа ?лпаларында толы? жетіліп, лимфа ар?ылы таралады. Олар а?зада иммунитетті? ?алыптасуын ?амтамасыз етеді.
І?. Бекіту: Биологиялы? диктант (С?йкестендіру тесті)
1. Туа пайда бол?ан иммунитет. А. Организмге емдік сарысуды енгізгеннен кейін пайда болады.
2. Ж?ре пайда бол?ан иммунитет. ?. Организмде антиденелер ж??палы аурумен ауыр?аннан кейін т?зіледі.
3. Белсенді жасанды иммунитет. Б. Организмге вакцина енгізгеннен кейін т?зіледі.
4. Енжар жасанды иммунитет. В. Организмге ата — анадан т??ым ?уалап беріледі.
Кілті: 1 – В, 2 – ?, 3 – Б, 4 – А
?. Ба?алау
?І. ?й тапсырмасы: кесте
Просмотр содержимого документа
«Иммунитет. Иммунды? ж?йені? м?шелері. »
Автор: Баймульдина Гульдана Ахмедиевна
Дата: 15.06.2015
Номер свидетельства: 219788
Туа пайда болған иммунитеттің маңыздылығын негіздеңіздер
Иммунитет – ол өзінен бөтен генетикалық информация тасымалдау қабілеттілігі бар тірі денелер мен заттардан қорғану қабілеті.
Организмді қорғау механизмдерімен факторлары екі топқа бөлінеді:
1.Туа пайда болған қорғаныс факторлары немесе бейспецификалық төзімділік факторлары.
2.Индуцибельді қорғаныс факторлары – белгілі бір инфекциялық агентке немесе бөгделі қасиеттері бар басқа субстраттарға иммундық жүйені спецификалық реакциялары.
Иммундық жүйе – организмнің жасушалық – генетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ағзалардың, тіндердің, жасушалардың жиынтығы. Иммундық жүйе орталық және шалғайлық ағзалардан тұрады.
Қан элементтерінің барлығына ортақ, лимфойдты жасушалардың бастаушысы – сүйек кемігінің бағаналы жасушалары болып табылады. Антенаталдық және бастапқы постнаталдық кезеңде осы жасушалардың бір бөлігі тимусқа түсіп жетілу кезеңінен өтеді де, натигеннің әсеріне арнайы жауап беру қабілетіне ие болады. Бұндай жасушалар тимус – тәуелді немесе Т- жасушалар деп аталады. Иммуналогиялық функциясы бойынша Т жасушалар бікелкі емес. Иммунологиялық функциясы бойынша Т – жасушалар біркелкі емес. Олардың кейбіреулері баяу типтегі жоғары сезімталдық жауабын беретін заттарды өндіреді. В – жасушалардың және Т – жасушаларының кейбір популяциясының жұмысын күшейтетін Т – жасушалар да бар. Бөгде антигендерді өзінше жоюға қатысады және де кейбір Т — жасушалар жоғары сезіталдықтың баяу түрін туғызуға қатысады, ал басқа түрінің иммунологиялық есте сақтау қабілеттілігі бар.
Т лимфоциттердің активациясына макрофагтардан екі хабар қажет.
Бірінші хабар – Аr тану, екінші хабар және секреция – ИЛ – 1. ИЛ – 1 Т – жасушалардың активациясын ұстап тұратын, басқа интерлейкиндермен бірлесіп ИЛ – 2 синтезделуіне жағдай жасайды. Жасушалардың біразы біріншілік дифференциацияны құстарда Фабрициус қалташасы – ішектің лимфоидты тіндерінен алады. Бұлар В – лимфоцидтер.
Т – хелперлер — В және Т жасушалардың кейбір субпопулясының жұмысын күшейтеді.
Т – супрессорлар – В және Т жасушалардың дер кезінде жұмысын басып отырады.
Т – киллерлер – антигендерді жоюға қатысады, жоғарғы сезімталдықтың баяу түрін туғызуға қатысады, иммунологиялық есте сақтау қызметін атқарады. Ондай жасушаларға ұзақ өмір сүретін және антигендермен қайталап жанасқанда жылдам және жоғарғы деңгейде антидене түзейтін лимфоциттер жатады.
Иммундық жүйенің жасушаларын лимфоциттерге, макрофактарға, дендритті жасушалар және жасушалардың үшінші популяциясына бөледі.
Лимфоциттер – антигеннің әсерінен спецификалық және бейспецификалық реакциялармен жауап беретін негізгі иммунды – компетентті жасушалар. Организмде лимфоциттер лимфа тіндерінің жиналған аймақтарының арасында үнемі айналымда болады. Сәулелі микроскопта олардың морфологиялары біркелкі болады, бірақ олардың ультра құрылымы, қызметтері, беткейлік-жасушалық маркерлары, жеке – дара дамулары, және тағдырлары әртүрлі. Лимоцитерге тән қасиет “өзінікін” “бөгдеден” ажырата алу қабілеттілігі, ол иммундық жауаптың бастапқы нүктесі, одан кейін бөгде заттардың деструкциясы мен эллиминациясына жағдай жасайтын механизмдердің қатары түзіледі.
В – лшимфоциттердің негізгі қызметі гумморальды иммунды реакцияларға қатысу.
В – лимфоциттердің бетінде антигендерді танып, іріктейтін иммунды – глобулиндері болады. Танылған антигеннің әсерінен В – лимфоциттер плазмалық жасушаларға айналып, спецификалық антиденелер – иммунды глобулиндер түзеді. Ол Т және В жасушалардың өзара әсер етуі нәтижесінде атқарылады. Т жасушалардың В жасушаларға ынталандырушы әсері әртүлі жолдармен жүзеге асады. Белсенділігі күшейген Т – лимфоциттер В жасушаларға әсер ететін заттар бөліп шығарады. Антиденелер түзуге Т және В лимфоциттерден басқа А жасушалардың қатысуымен жүзеге асырылады, оларға қан моноциттерімен тіндік фагоциттік жасушалар жатады. Мұндай макрофагтар организмнің барлық жерінде кеңінен таралады. Олардың негізгі қызметтері – организмге барлық бөгде антигендерді қоршап алып дезинтеграциялау. Т – лимфоциттерде О антигендер болады. Имунологиялық реактивтілік Т және В иммунды компетентті жасушалардың функциясы мен олардың макрофагтармен жасушалық кооперацияға түсумен байланысты.
Иммунитеттің түрі мен формаларының жіктелуінің түрлері әртүрлі. Бұл адам организміндегі қорғаныс факторларының әртүлілігімен және олардың механизімімен байланысты. Иммунитеттің түрлерінің ең қарапайым жіктелуі: түрлік (тұқым қуалайтын) және жүре пайда болатын.
Түрлік – тұқым қуалайтын иммунитет эволюциялық даму барысында пайда болған, тірі организмдердің түрлеріне сәйкес биологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Бұл қасиет генетикалық – тұқымқуалайды. Адамдар жануарлардың ауруымен науқастанбайды, мысалы: ірі қара обасымен, мтауық соқырлығымен, ит обасымен, шошқа індетімен т.б. Керісінше жануарлар адамдарға тән аурулармен ауырмайды, мысалы соз, мерез, ЖИТС, тырысқақ, қызылша және т.б. Туа пайда болған иммунитеттің спецификалығы жоқ өйткені әртүрлі ауруларға қарсы бағытталған, дене тоңғанда, ысығанда, авитаминоз кезінде кортизонның әсерінен деңгейі төмендеуі мүмкін.
Жүре пайда болған иммунитеттің салыстырмалы сипаттамасын көрсетініз. Жүре пайда болған иммунитеттің ерекше түрлері мен қызметтері.
Жүре пайда болған иммунитет өмірлік емес, әр организмнің тіршілік ету кезінде жеке басына тән жағдайда дамиды.
Келесі түрлері ажыратылады:Табиғи белсенді иммунитет – жұқпалы аурулармен науқастанып жазылғаннан кейін пайда болады, сондықтан оны постинфекциялық иммунитет деп атайды. Бактерияларға қарсы, вирустарға қарсы саңырауқұлақтарға қарсы және т.б. иммунитетдеп ажыратылады. Оның түзілуі әдетте организм микробтан тазарғанда басталады. Бірақта кейбір инфекциялық аурулар кезінде қабылдаушылық инфекциялық агенттің организмде болуы мен байланысты. Егер қоздырғыштан ағза тазарса, ол микробтарды қайтадан қабылдағыш бола алады. Бұл инфекциялық немесе стерильді емес қабылдамаушылық деп аталады.
Табиғи (пассивті) плаценталық иммунитет – нәрестеге дүниеге келмей тұрғанда бала жолдасы арқылы анасының қанымен беріледі. Дайын антиденелер қан мен қатар ана сүтіменде беріледі, бұл жаңа туған нәрестенің түрлі инфекциялық ауруларға белгілі бір уақыттар аралығында төтеп беруіне мүмкіндік береді.
Жасанды иммунитет жұқпалы аурулардан сақтану және оларды емдеу мақсатында жасанды түрде жасалады.
Жасанды белсенді иммунитет— әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцина жүргізгенде пайда болады, сондықтан оны поствакциндық иммунитет деп атайды. Оның ұзақтығы және кернеуі көптеген факторларға байланысты, көбінде вакциналық, антигендік, иммуногендік қасиеттерімен, оны енгізу ретімен әдістеріне және т.б. байланысты. Ол бір жылдан бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін.
Жасанды пассивті иммунитет –спецификалық иммунды қан сары суларын немесе гамма – глобулиндерді енгізгеннен кейін пайда болады. Организм дайын антиденелер қабылдайды. Сондықтан оны постсарысулық иммунитет деп атайды. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, екі -үш аптадан кейін антиденелер организмнен шығарылады.
Инфекцияның ену жолындағы табиғи тосқауылдар механикалық және химиялық деп бөлінеді. Механикалыққа тері және кілегей қабықтары. Олардың секрециялары микроорганизмдерді жояды немесе өсуін тежейді. Егер микроорганизмдер бұл тосқауылдан өтіп кетсе, онда олар екінші қорғаныс жолымен кездеседі – гуморальды және жасушалық факторлармен.
Тері – микроб енетін жолдағы мықты механикалық тосқауыл факторы болып саналады. Тері бетіндегі микробтар түлеген тері қабатымен, май және тер бездерінің секретімен терінің pH – ын микробтарға қолайсыз жағдайға дейін өзгертеді де содан олар жойылып отырады. Терінің бактериоцитті қасиеті күшті. Эпидермисттің протективті қызметірнен басқа теріде күшті иммундық қорғаныс жүйесі болады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, қарын жолдарына, несеп шығару жолдарының, қынап қалың көп қабатты эпителимен қапталған, протективті сипатта болады, ал асқазан, ішек, тыныс жолдары, жатыр және жатыр түтігі секреторлы және сіңіргіш сипаттағы жұқа бір қабатты эпителимен өңгерілген. Кілегей қабықтары әртүрлі әсерлерден тез зақымданып, микробтардың өтуіне жағдай туады. Кілегей қабықтардың деңгейінде организмнің ішкі ортасының түрлі қорғаныс механизмдері болады, соның ішінде микроорганизмдерден де қорғануда жатады. Кілегейге батқан жыпылық эпителидің кірпікшелері бір бағытта толқитын жылжуларды қалыптастыра отырып, эпители бетінде кілегей қабат түзеді. Тыныс жолдарының терең бөлімдерінде және өкпенің тыныс бөлімінде кілегей жоқ, бірақ эпителидің беті көптеген қоздырғыштарды ұстап, жоюға қабілетті белсенді затынан тұратын қабатпен жабылған. Сонымен қос АIЖ бір қабатты эпителиінің бетінде көп мөлшерде лимфоидты жасушалар орналасады, ал газ алмасу зонасында үнемі макрофагтар болады. Бір қабатты эпителидің бетінде IgA секрециясы жүріп отырады, ішек типтес кілегей қабықшасының қабаты – лимфоидтық тіннің құрамында көптеген иммунды – компетентті жасушалар бар. Қалыпты микрофлора – олар патогенді микробтарға антогонистік әсер етеді. Лимфотүйіндердің тосқауылдық қабілеттілігі – ол микроб енген ошақтан тыс жерлерге таралуын шектейді. Беткі тосқауылдан өтіп кеткен микроорганизмдерді екінші қорғаныс жолымен кездеседі, оған жасушалық факторлар – фагоциттер жатады. Фагоцитоз механизмі арнайы жасушалар – фагоциттердің организмге жат заттарды жұтуы, қорытуы және иннактивациялауынан тұрады. Патогенді организмдерді жұтатын және бұзатын фагоциттер миелопоэздік қатардың және макрофагтық – моноцитарлық жүйе жасушаларынан тұрады.
Организмді қорғаудағы фагоциттік жасушалардың маңызын алғаш рет иммунитеттің фагоцииттік теориясын жасаған – И.И.Мечниковдәлелдеді. Фагоциттердің қозғалатын және қозғалмайтын түрлері болады. Фиксацияланған бауыр капилярларының тамырлық немесе лимфатикалық эндотелилерінің ерекше аймақтарында,көк бауыр синустарында және лимфа түйіндерінде болады. Қозғалмалы фагоциттер-олар қан жасушаларын фагоциттейтін макрофагтар. Макро және микрофагтардың құрамында лизосомалар болады.Ол жерде жат антигендерді бұзуға қатысатын ферменттер болады. Белсенділігі ең күшті нейтрофилдер, ал ең төмені базофилдер.
Фагоцитоз процесі 5 кезеңнен тұрады:
1.Фагоциттің жұтатын обьектіге жақындауы (хемотаксис)
2.Жұтатын заттың фагоцит бетіне адсорбциялануы (адгезия)
3.Затты жасуша мембранасын инвагинациялап, протоплазмада фагосома түзу арқылы жұтуы.
4.Фагосоманың жасуша лизосомасымен бірігіп фаголизосома түзуі.
5.Лизосомальдық ферменттерді белсендіріп, олардың көмегімен фаголизосомадағы заттарды қортуы.
Барлық иммудық диагностикалық әдістерді скринингті және анықтаушы деп бөлуге болады. Скрининг иммундық жүйенің бұзылыстарын тіркейді. Анықтаушы – иммунды- кейінгі коррекциялау мақсатындағы олардың реализациясында қатысатын механизмдерді бекіту үшін қолданылады.
Иммунологиялық әдістерді екі мақсатта қолданылады. Біріншіден,белгілі антиген бойынша зерттелетін сарысудағы антигенденелерге қатысты спецификалық антиденелердің барлығын және сандық мағынасын анықтайды. Сандық мағынасын сарысуды титрлеу жолымен анықтайды. Иммунды сарысудың титрі деп, оның әлі де оң реакция беретін жоғарғы сұйылу деңгейін айтады. Екіншіден, белгілі антидене, яғни диагностикалық иммунды сарысу арқылы зерттелетін материалдағы спесификалық микробты антигеннің барлығын анықтайды немесе бөлінген қоздырғыштың серологиялық идентификациясын жүзеге асырады. Барлық иммунды-микробиологиялық әдістерді 3 топқа бөледі:
1.Антигеннің антиденемен тікелей әсерлесуіне негізделген иммунологиялық әдістер.
2.Антиген мен антидененің арасында бір заттың қатысуымен болатын өзара әсерге негізделген.
3.Белгіленген антиденелерді немесе антигендерді пайдаланатын әдіс.
Иммундық алдын алу-жасанды спецификалық иммунитет құру жолымен белгілі бір топтар мен жеке индивидуумдарда жұқпалы ауруларды ескертудің түрі. Иммунизацияның екі түрі болады:
1.Белсенді – белсенді иммунитет түзу мақсатында организмге микроб антигендерін енгізуге негізделген.
2.Пассивті – жасанды пассивті иммунитет түзу мақсатында организмге спецификалық антиденелері бар препараттарды енгізуге негізделген.
Вакциналар – қауіптілігі төмендетілген микробтардан, олардың өнімдерінен немесе бөлшектерінен дайындалатын,енгізгенде жасанды белсенді иммунитет түзуге қолданылатын биологиялық препараттар.
Вакциналарды негізінде профилактикалық, сирек жағдайда емдік мақсатта қолданылады. Ооар белгілі бір талаптарға қатаң жауап берулері керек: имммуногенді жоғары болу керек,яғни берік және мүмкіндігінше ұзақ уақытқа сақталатын спецификалық иммунитет түзу керек.
источник
Түрге байланысты иммунитет
Түрлік иммунитет дегеніміз – генетикалық бекітілген қабылдамаушылық, жеке бір түрді. Мысалы: адамдар ауыратын аурумен жануарлар мүлдем ауырмайды.
Жүре пайда болған иммунитет дегеніміз – адамның өмір сүру барысында пайда болады,ол ұрпаққа берілмейді.
- Табиғи жүре пайда болған иммунитет – бұл инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін дамиды. Қоздырғыштың түріне және ағзаның иммундық жүйесіне байланысты.
Б) ұзақ уақыт (бөртпе сүзегі)
Инфекциялық (стерильді емес) иммунитет — жүре пайда болған иммунитеттің ерекше формасы, инфекциялық аурудан жазылған соң да инфекциялық агент ағзада кездеседі.
Жасанды жүре пайда болған иммунитет – вакцинация, серопрофилактика (сарысу енгізу) жүргізгеннен кейін дамиды.
1. активті жүре пайда болған иммунитет — өлі немесе әлсіреген микроорганизмдер және олардың антигендерімен иммунизация жасаған соң дамиды. Иммунизациядан соң 1-2 апта өткен соң иммунитет қалыптасады, кейбіреулері жыл, ондаған жылдар немесе өмір бойы сақталады.
2. пассивті жүре пайда болған иммунитет – дайын антидене енгізу, кейде сенсибилизирленген лимфоциттерді енгізеді. Бұл кезде иммундық жүйе пассивті түрде қалыптасады, иммундық жүйе керекті уақытынан кеш дамиды. Дайын антидене жануарлардан иммунизация жолымен алынады. Кейбір уақытта ағзаға дайын антидене енгізгенде кері әсерлері дамиды, сондықтан бұл препараттарды емдік мақсатта қолданады және жоспарлы иммунопрофилактикада қолданбайды.
Қазіргі уақытта антитоксиндер кең қолданылады. Антитоксиндер – микроорганизмдердің токсинін ыдыратады. Пассивті жүре пайда болған иммунитет – тез дамиды, препаратты енгізгеннен соң бірнеше сағаттан соң дамып және тез жойылады.
Инфекциялық агенттен ағзаның қорғаныш факторлары
1. туа пайда болған (конституциональді)
2. жүре пайда болған (индуцирленген)
Туа пайда болған иммунитет
Механикалық барьер. Адам ағзасын патогенді агенттерден тері және кілегейлі қабат қорғайды. Көптеген қоздырғыштар адам ағзасына тері және кілегейлі қабаттағы мирожарақаттар немесе қан соратын жәндіктер арқылы енеді.
Физико-химиялық барьер. Әртүрлі терідегі бездердің бөлінділері. Кілегейлі қабатта ферменттердің секрециясы және антидене (лизоцим, сілекей, сурфактант).
Иммунобиологиялық барьер. Ішкі ағзалардың қорғаныштық қызметі – гуморальді және торшалыболып бөлінеді. Олардың негізгі қызметін комплемент және фагоцитирлеуші торшалар атқарады.
Комплемент жүйесі – қан сарысуында кездесетін 26 ақуыз, қабыну процесінде гранулоциттер мен макрофагтар қатысады. Комплемент компоненттерінің негізгі механизмі – фагоцитозды қалыптастыру, микроорганизм клеткасының қабырғасының бүтіндігін бұзу және қабыну медиаторларының жауабын қалыптастыру.
Комплемент компонентінің активтелу жолы
Классикалық жолда комплементтің барлық 9 фрагциясы да қатысады (С1-С9), рет-ретімен.
Алтернативтік жолда антидене қатысуынсыз өтеді және қысқа жол. Грам теріс бактерияларға тән. Грам теріс бактериялардың торша қабырғасындағы липополисахаридтің пропердин системасы арқылы тікелей С3 фрагцияға әсер етеді.
Фагоциттер тек қана қорғаныш қызметі ғана емес, сонымен қатар дренажды қызмет атқарады (өлген бактерияларды жояды).
Фагоцитирлеуші торшалар – полиморфты-ядролы лейкоциттер және макрофагты-моноцитарлы жүйедегі (моноциттер, тіндік макрофагтар) торшалар атқарады.
Полиморфты – ядролық лейкоциттерде ядросы және көптеген ұсақ цитоплазматикалық грануласы болады (сондықтан оларды гранулоциттер деп атайды).
Боялуы бойынша 3 түрі бар: нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер.
Нейтрофильдер – жедел қабынуда пайда болатын негізгі торшалар, ересектерде олардың саны лейкоцитте көптеп кездеседі. Нейтрофильдердің негізгі бөлігі қанда 6-7 сағат циркуляция жасады. Қанда нейтрофильдер саны көбейсе қабыну реакциясы деп түсінеміз.
Эозинофильдер – глисті инвазия. Гистаминді бұзады.
Макрофагтар қанда 2-4 күн жүреді, негізгі қызметі фиксирленген тіндік қорғаныш. Альвеоларлы және өкпелік макрофагтар (интерстициальді), бауыр макрофагы (фон Купффер торшасы), дәнекер тіні (гистиоциндер), бүйрек (мезангиальді клетка).
Фагоцитоз – микроорганизмдерді жұту және фагоциттерді бөлу процесі.
Фагоцитоз төрт сатыдан тұрады:
4. фагоцитарлық реакцияның аяқталуы
Хемотаксис – (грекше chemea – химия, toxis-мөлшерін келтіру) бөгде торшаны танып фагоциттердің соған қарай жылжуы.
Адгезия – фагоциттердің бөгде торшаға жабысуы
Жұту – бөгде торшаны жұтуы
Фагоцитарлы реакцияның аяқталуы – бактерия жойылады немесе бұзылады. Кейбір бактериялар лизосомальді ферменттердің әсеріне тұрақты келеді, сондықтан бактерия өлмейді. Бұл жағдайда аяқталмаған фагоцитоз дамиды.
Арнайы иммундық жауап беруі.
Антиген – бөгде зат, ағзаға енгенде иммундық жауап тудырады.
3. арнайлылық – арнайы антигенге қарсы арнайы жауап пайда болады.
4. иммуногендік – иммунитет қалыптастыру қабілеті
5. антигендік – аз немесе көп антидене тудыру қабілеті
б) дайын антиденемен байланысады
2. Гаптен немесе толық емес антиген – антигендік қасиеті бар, бірақ иммуногенділігі жоқ. Сондықтан оларды толық емес антигендер деп атайды.
Адьюванттар – бір мезгілде антиген немесе гаптенмен бірге енгізгенде иммундық жауаптудыруын күшейтеді.
- О-соматикалық антиген – барлық микроорганизмдерде кездеседі.
- К-антиген (капсулалық)
- Н-антиген (талшықтардың антигені)
Антигенді анықтау арқылы нақты диагнозды қоюға болады.
Дата добавления: 2015-08-04 ; просмотров: 2391 ; ЗАКАЗАТЬ НАПИСАНИЕ РАБОТЫ
источник