Иммунитет к?теретін та?амдар сусындар

Иммунитет к?теретін та?амдар сусындар thumbnail

Күні:16.10.15.

Сабақ № 6 8а сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Тәтті тағамдар және сусындар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: тәтті тағамдар туралы мағлұмат беру және сусындар түрлеріне тоқталу. Оқушыларға қамыр илеуді үйрету.Қамыр түрлерімен дайындау ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Теориялық білімін сарамандық негізде дамыту; Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерін, іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге, дастарханды әзірлеуге, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.
Көрнекілігі: нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды түсіндіру, тәтті тағамдар плакаты, пісірілген тағам түрлері.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Сабақты қортындылап талдау.
5. Оқушылардың еңбегін бағалау.
6. Үйге тапсырма.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

.»Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?
(Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек қүші артады).
2. Ет және ет тағамдарының құндылығын кім айтады?
(Сиыр етінің 18 — 20, қой етінің 15 — 20 пайызын белок құрайды. Құрамы 4 — 9 пайыз майдан тұратын ет, адам денсаулығына пайдалы, яғни күш береді).
3. Еттің құрамында қандай витаминдер кездеседі, кім айтады?
(Еттің құрамында В тобының витаминдері В1, В2, В3, В12, ал минералды заттардан — фосфор — 0, 2, калий — 0, 3 темір 2 — 3, мырыш 2 — 3 бар.)
4. Ұлттық аса қадірлі тамақ, ол қандай тағам?(Ет асу).
5. Қой етінен қандай ұлттық тағамдар дайындалады?
Қуырдақ Қазақша ет Кәуап Төстік тұшпара мәнті
Қамырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май В және РР1 витаминдер тобы, крахмал түріндегі көмірсулар болатындықтан тамақтық құнарлылығы жоғары. Крахмал адам организміне жақсы сіңуі үшін ұнның жоғарғы сортынан дайындалған қамыр қожыған және кеуекті болуы керек. Ол үшін қамырды ашытқы немесе ас содасын қосып илеу қажет. Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады.

  • Ұннан жасалатын тағамдар – тұшпара, үй кеспесі, варениктер, құймақшалар, құймақ, жайма құмақ, үзбен.

  • Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер – ватрушка (ішіне ірімшік салынып пісірілген нан), пирожкилер, пончик (ірі бауырсақ), бүрменан, бәліш және т.б.

  • Дәмделген нан өнімдері (май мен сүтке иленген, яғни майқоспа нан өнімдері) – қарапайым майқоспа нан, әртүрлі тоқаштар, қаусырма, т.б.

  • Ұннан жасалған кондитерлік өнім – пирожнй, торт, печенье, прәндік.

Қамырдың түрлері

Қамырды екі топқа бөледі: ашытқылы және ашытқысыз.

Ашытқылы қамыр. Ашытқылы қамырдан алуан түрлі өнімдер пісіреді. Көп мөлшерде май, жұмыртқа, қант қосылған өнімдерді майқоспа нан өнімдері дейміз. Майқоспа тәтті қамырды ашытпа тәсілімен, ал жай қамырды ашытпасыз дайындайды.

Ашытпа (опора) бұл – ұннан, судан, ашытқыдан және ұанттан тұратын сұйық қамыр. Ашытпаны араластырып,жақсы ашуы үшін 1-1,5 сағ-қа жылы жерге қалдырады. Оның консистенциясы сұйық қаймақтай болуы керек. Ашытпа көтерілгеннен кейін, беті жиырылып шөге бастайды. Рецепт бойынша қалған азық-түліктерді қосып, қамырды илей беруге болады.

Ашытқылы қамырды дайындау технологиясы

  • Қамырды илеу – ұнды елеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт немесе су қосады.

  • Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып, спирт пен көмірқышқыл газы түзіледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.

  • Қамырды өңдеу — әртүрлі өнімдерге арнап өңдейді.

  • Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.

Ұсақ өнімдерді пісіру 10-12 мин, ірі өнімдерді пісіру 45-60 мин, температура 200-250С.

ІІ. Жаңа сабақ. Тәтті тағамдар және сусындар

Тәтті тағамдар жеңіл сіңетін көмірсулар – қанттардың көзі. Бірақ қант есебінен адамның көмірсуларға қажеттілігінің 1/3 бөлігі, ал қалған 2/3 бөлігі крахмал есебінен қанағаттануы керек. Тағам құрамында тазаланған көмірсулар көп болса, организмде майлар жиналады, сондықтан бұл топ тағамдары рационда негізгі бола алмайды және әдетте десертке беріледі. Қант асқазан сөлінің бөлінуін тежейтінін ұмытпау керек, сондықтан тәтті тағамдар негізгі тағамдардан кейін біраз уақыт аралығынан кейін берілу керек.
Көптеген тәтті тағамдар құрамына майлар, сүт, жұмыртқа, кілегей, қаймақ кіреді, олар тағамды жоғары калориялы етеді. Бірақ тамақтануда тәтті тағамдардың орны оның калориялығымен емес, жоғары дәмдік қасиетімен анықталады.
Берілу температурасына байланысты тәтті тағамдар салқын, ыстық және балмұздақ болып бөлінеді. Тәтті тағамдармен көбінесе тәтті соустар мен қою шырындар беріледі.
Сусындар сонымен қатар ыстық және салқын болып бөлінеді. Ыстық сусындарға шай, кофе, какао, шоколад, салқын сусындарға әртүрлі сүт сусындары, жеміс-жидек және ұлттық орыс сусындары жатады. Ыстық сусындарды беру температурасы 75оС, суық сусындардың – 7-14оС болады.
Салқын тәтті тағамдарға балғын және тез мұздатылған жемістер мен жидектер, компоттар, желеленген тағамдар және (бұлғанған және бұлғанбаған), балмұздақ жатады.

Читайте также:  Физическая культура как фактор повышения иммунитета

hello_html_6c3c85dd.pnghello_html_147f26f3.pnghello_html_1d63287e.png

Құмырсқаның илеуі Тәтті вафли рогаликтер

hello_html_m19d59f44.pnghello_html_767d7ffb.pnghello_html_m19741925.png

Ала кекс Шығыстың тәттілері Иристен жасалған тәтті дәм

Салқын сусындар

hello_html_md4f1288.png

Шуағын жайған жаз мезгілінің аптап күндерінде шөлімізді бастыратын таптырмас шешім — салқын сусындар. Ыстығымызды басатын керемет салқын сусындарды дүкен сөрелерінен сатып алғанша, үйден істеуге әбден болады.

Лимонад, морс, суық шай, шырын мен компот… Жаздың аптап ыстығында осыларға қол жеткізу үшін барымызды беруге даярмыз. Жаз — жеміс-жидектер, көкөністер, хош иісті шай түрлерінің молаятын кезі болатындықтан, олардан керемет сусын түрлерін әзірлеуге болады. 

Суық шай. Қара немесе көк шәйға лимон және қант қосылып әзірленеді. Шайдың суығанын күтуге, не бірнеше кесек мұз қоссаңыз болады. Лимон орнына қалауыңызша қалампыр немесе жалбыз салыңыз.

Жидек немесе гүл шайлар. Жидек шайлары денсаулыққа өте пайдалы, ерекше хош иісті болады. Жеміс-жидектердің құрғатылған қақтары қосылған, не иісін келтіретін жұпар ароматизаторлар қосылған шайлар шөлді жақсы басады. Мысалға раушаннан жасалатын каркаде шайы суыған кезде, шырындардан бетер дәмді әрі пайдалы болады.

Компот. Кішкентайымыздан дәмі таныс, кептірілген жемістерден әзірленетін сусын жемістердің суда қант қосылуымен қайнатылып әзірленеді. 

Кисель. Жеміс-жидектер шырыны, тосаптар мен тіпті сүтке картоп не жүгері крахмалы қосылу арқылы әзірленетін бұл тәтті сусын жаз мезгілінде ерекше пайдалы.

Айран мен газдалған минералканың қосындысы. Дәмі шалап пен саумалға келетін бұл сусынның шөлді қандыру қасиеті жоғары. Газсыз минералкамен жасағанда су татып кететінін ескеріңіз. Жасаған бойда, газы шығып кетпей тұрып, ішкен жөн. 

ІІІ. Сарамандық жұмыс «Рогаликтер»

hello_html_6b3cf35.png

Ал енді біздер тағам әзірлеу барысында естен ешқашан шығармайтын техникалық кауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпайық.
Қандай тағамды әзірлесең де мыналарды ұмытпа:
1. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.
2. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзінен кері қарай аш.
3. Қызып тұрған шәйнекке мұздай су құйғанда өте абай бол.
4. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.
— жарты стакан сүт немесе айран, жарты стакан жылы су, 2-3 жұмыртқа
— 300 гр жұмсартылған сары май
— 1 ас қасық қант
— аздап тұз
— ұн

— жарты пакет құрғақ ашытқы

Жылы судың ішінде ашытқыны ерітеміз (аздап қант қосса тезірек көтеріледі). Ашыған ашытқыға тұз, қант, жұмыртқа қосамыз. Енді ұн қосып сүйық нан илейміз. Жылы жерде көтерілгенге дейін тұрады. Қамыр көтеріле бастаған кезде, ішіне сары май қосып жұмсақ, қолға жабыспайтын қамыр илейміз. Бір целофан дорбаға қойып, тоңазатқышқа 1 сағатқа қойылады. Қамыр 5-6 зуалаға бөлінеді. Қамыр әлі де қолға жабысып тұрса үстеле аздап ұн сеуіп, зуалаларды солай жаямыз. Әр бір шеңберді 8 бірдей ұшбұрыштарға бөліп, әр ұшбұрыштың жалпақ жағына таңқұрай вареньесінен аздап (1 шай қасығынан да аз) қойып рогалик ұқсатып ораймыз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағып, 200 духовкада пісіреміз.

Блиц сұрақтар. Оқушылар кезектесіп сұрақтар суырып жауап береді.
1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процесі)
2. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)
3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек?
4. Ашытқы қалай дайындалады?
5. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10мин)
Пайдалы кеңес.
— Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін мақтаны йодқа батырып, ыдысқа салып, нан салғышқа қояды.
— Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салу керек.
5. Бағалау. Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.
6. Үйге тапсырма. Өз таңдаулары бойынша қамыр илеп, пісіпіп әкелу, реферат жазып келу және жаңа тақырыпты оқып келу.

ІV. Бекіту бөлімі.

  • Тәтті тағам дайындау технологиясын айтып беріңдер.

  • Тәтті тағамдарға не жатады?

  • Рогалики қалай дайындалады?

V. Үйге тапсырма: тәтті тағамдар және сусындар туралы қосымша жазып келу.

VІ. Бағалау.

Источник

Ең алғашқы адамдар жылы жерлерде өмір сүрген. Сондықтан олар жылы киім туралы қамданбады. Үйлерді қолайсыз ауа райынан және жыртқыш аңдардан қорғану үшін салды. Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді. Ер адамдар аң аулаумен айналысты. Сол уақытта жер бетінде мамонттар болған еді. Ежелгі адамдар мамонттарды алдын ала жасаған шұңқырларға қуып, кіргізетін. Олар ұзақ уақыт бойы тағамды шикілей қолданды. Тіпті адамдар от тұтатуды үйренгенде аулаған аңның тұтастай еті жанып тұрған отқа сыйып кететін. Тағамды арнайы дайындаудың адамдар үшін қандай пайдасы болды? Біріншіден,

адамдар тамақтану үдерісіне аз уақыт жұмсады, себебі отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді. Ғалымдардың пікірі бойынша алғашқы адамның тағам мөлшері әр алуан еді, олар қолдарына түскен тағамның барлығын жейтін. Кейбір қазіргі заманғы диетологтар алғашқы адамдардың тамақтануын адам үшін ең табиғи тамақтану жүйесі деп атаған. Адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған тұқымдасының бірі гоминидтердің сүйектері мен тістеріне жүргізілген талдау бойынша ежелгі адамдарда көптеген қазіргі аурулар – сүйек, тіс аурулары болмағанын, қатерлі ісік ауруымен, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырмағанын білуге болады.

Читайте также:  Повышение иммунитета при ангине

Қымыздың пайдасы туралы. Қымыз – емдіксусын, оны бие сүтінен жасайды. Қымыздың шипалық және емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі. Ол ел арасына ғажайып қасиеттерімен танымал. Қымызды алғаш рет түркі тайпалары жасап үйренді. Олар бұл сусынды әзірлеу құпиясын сақтады. Қымызды «батырлардың сусыны» деп атаған. Қымызды қолдану арқылы асқазан, өкпе, бауыр т.б. ауруларды да емдеуге болады. Сонымен қатар қымызда дәрумендер көп және керемет салқындататын дәмі бар. Қымызды дайындау және пайдалану түркі халықтары мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады.

Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты қалыпсыз нысанда бастаңыз. Үстелдің үстіне тағам түрлері салынған дорбаны қойыңыз. Оқушылар сіздің сабаққа не әкелгеніңізді табуы тиіс. Егер оқушылар дорбада не бар екенін айта алмаса, бір оқушыны тақтаға шығарыңыз. Ол дорбадағы заттарды қарап, тағам түрлерінің біреуін (мысалы, ақ, дәмді, қою) сипаттайды. Оқушылар сипаттама арқылы қандай тағам екенін табады. Бұл тәсіл «Тағам және сусын» сабағының тақырыбын анықтауға көмектеседі.

Суреттерді салыстыр. Оқушылар бұл тапсырмадаоқулықта берілген 1-суреттегі көріністерді салыстырады. Бір оқушы ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты, ал екінші оқушы айырмашылықты табады. Бұл тапсырма оқушыларға алғашқы адамдардың тамақтану ерекшеліктері туралы білуіне көмектеседі. Оқушылардың білімін деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырыңыз. Оларға адам өмірінде отты игерудің мағынасы қандай екені туралы бірлесе тұжырым жасауды ұсыныңыз. Уақыттың шектеулі екенін алдын ала ескертіңіз. Мысалы, оқушылар тапсырманы музыка ойнап тұрған кезде орындап, музыка аяқталғанда немесе алақаныңызды үш рет соққанда бітіреді. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.

Тағам және сусын. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың санына қарай тағам өнімдерінің атауы (алма, шұжық, сәбіз, айран және т.б.) жазылған үлестірме парақшаларды таратып беріңіз. «Сөйлейтін қабырғаға» А4 мөлшеріндегі қағазға жазылған «жеміс-жидектер», «ет өнімдері», «сүт өнімдері», «ұн өнімдері» атауларын іліп қойыңыз. Оқушылар сіз берген белгі бойынша «сөйлейтін қабырғада» ілінген атауларға сәйкес жылдам 4 топқа бөлінеді. Олардан оқулық тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Көп оқушылардан жауап алу үшін екі топқа әртүрлі тағам түрлерінің тізбесі бар парақтарды таратыңыз. Олар қалаған тағам түрлерін қарындашпен қоршап көрсетуі тиіс. Оқушылар оқулықтағы 2-мәтінді оқиды.

Орындап көр. Бұл тапсырманы рөлдік ойын түрінде өткізсе болады. Сынып оқушыларын үш топқа бөліңіз. Әр топ Ресей, Англия және Қазақстан өкілдері болады. Оларға бір-біріне қонаққа баратынын ескертіп қойыңыз, сондықтан «үй иелері» қонақтың тілінде сөйлесуі қажет. Оқушылардың міндеті – дастархан жайып, қонақ шақыру. Оқушыларға «Отбасылық дәстүр»

тақырыбында танысқан ұлттық қонақжайлық дәстүрі мен үлкендерге құрмет туралы естеріне салыңыз. Қонақ келгенде қандай сыпайы сөздер айту қажет екенін сұраңыз.

Жауабы: «Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын және т.б.»

Әр топтан бір оқушы қонақтар үшін дайындалған тағамдар мен сусындар туралы түсіндіреді. Бұл тағамдарды ермексаздан жасауға болады. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырыңыз.

АКТ. Қабілеті жоғары оқушыларға SmartArtбағдарламасының көмегімен интерактивті тақтада әртүрлі тағамдарды топтастыруға тапсырма беріңіз.

Өнер. «Орындап көр» айдарында оқушыларермексаздан әртүрлі тағамдар жасайды.

Оқушылармен «Жалғастыр» ойынын өткізіңіз. Оқушылардың біреуі «Тағам және сусын» тақырыбы бойынша сөздерді атайды, мысалы; «шырын», келесі оқушы бірінші айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді атайды, мысалы, «нан». Сөздер қайталанбауы қажет.

Источник

Күллі әлемге қауіп төндірген коронавирус күн сайын дендеп барады. Бұл сырқатты жұқтырғандар саны әлемде 700 мыңнан асты. Індет әсіресе иммунитеті төмен, әлсіз адамдарға өте қауіпті. Өйткені, ағза әлсірегенде түрлі инфекцияны іліп алуға бейім келеді. Ал денсаулығы мықты және басқа да созылмалы ауруы жоқ науқастар бұл сырқаттан оңай айығады екен. Иммунитетті көтеру үшін неге мән беру керек, оның жолдары қандай? Маман кеңесін ұсынамыз.

Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары

Иммунитет – адам денсаулығын сыртқы жағымсыз әсерден сақтап, бактерия, микроб, вирус сынды бөтен а5залар мен инфекцияларға қарсыласатын ағзаның қорғаушы әрекеті. Адам ағзасы иммундық жүйенің мықтылығынан түрлі ауруларды жеңіп шығады. Ал иммунитеті төмен адамдар, керісінше аурушаң келеді.

Иммунитет к?теретін та?амдар сусындар

«Коронавирустың әзірге нақты емі жоқ екені түсінікті. Сондықтан, вирус жұқтырмаудың қамын жасаған жөн. Көктем келгенде адам ағзасы онсыз да әлсіреп, иммунитеті төмендеп, дәрумендерді қажет ететіні белгілі. Мұндай кезде түрлі табиғи витаминге, минералдық заттарға бай және құрамында көп мөлшерде темірі бар тағамдарды тұтынуға кеңес беремін. Әсіресе жылқы етін жеп, қымыз, шұбат, құрт сынды ұлттық тағамдарымызды тұтынған жөн. Иммунитетті көтеруге қышқыл сүт тағамдары, айран, йогурттар да пайдалы. Құрамында Е витамині бар цитрустық жемістер, ананас, зімбір, лимонды көбірек тұтыну қажет», – деді «Салауатты Астана» отбасылық дәрігерлік орталығының эпидемиологы Дастан Егімбаев.

Читайте также:  Пробиотики или пребиотики для иммунитета

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын қалай тиімді өткізуге болады? Пайдалы онлайн контент топтамасы

Иммунитет түсіп, әлсіздік пайда болғанын төмендегі суреттен байқауға болады

Иммунитет әлсірегенін байқау және оны нығайту жолдары / Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфографикасы

№1. Құнарлы ас ішу

Иммунитетті нығайтудың бірден-бір жолы – құнарлы ас ішу. Тамақтану рационында дәруменге бай тағамдар: ет өнімдері, жеміс-жидек және көкөністер міндетті түрде болуы шарт. Мәселен, көмірсу мен ақуызға бай тағамдар ағзадағы жасушалардың қызметін жақсартады. Ал жасушалар бактерияларды жойып, вирусқа қарсы антидене қалыптастырады. Сондай-ақ, құрамында глутамині көп өнімдер: жұмыртқа, сүт өнімдері, соя, жасымық, асбұршақ пайдалану керек. Балық және теңіз өнімдерінің құрамындағы әлі толықтай сіңбеген майлы қышқылдар ағзадағы қорғаныш қабілетін өте жақсы көтереді. Көп жағдайда кальмар мен теңіз орамжапырағын жеген өте пайдалы.

Оқи отырыңыз: Коронавирус түрлі заттың бетінде қанша уақыт сақталады?

№2. Жеміс пен көкөністер тұтыну

Адам ағзасында фолий қышқылы, мырыш, селен, темір, мыс, А, В6, С және Е витаминдері жетіспеушілігінен иммунитет әлсірейді. Жеміс-жидек пен көкөністер ағзаның үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті дәрумендерге, антиоксиданттарға және басқа да пайдалы заттарға бай:

  • апельсин, сәбіз, асқабақ, қауын, тәтті бұрыш сияқты сарғыш түсті жемістер мен көкөністердің құрамында иммунитетті күшейтетін А витамині бар;
  • қызыл жемістер мен көкөністерде қабынуды басатын және антиоксиданттық қасиеттерге ие С витамині, фолий қышқылы мен флавоноидтардың жоғары мөлшері бар. Мысалы, мүкжидек бактериялардың сау клеткаларға түсуіне жол бермейтін жеміс болып табылады;
  • жапырақты көкөністерде – шикі шпинат, қырыққабат, қызылшада иммунитетті нығайтуға қажетті глутамин көп;
  • пияз бен сарымсақ шын мәнінде инфекциямен күресуге қабілетті көкөніс. Бірақ оны шектен тыс пайдалану, асқазанның жұмысына кері әсерін тигізеді. Сол себепті, сарымсақты тек тамақ қоспасы ретінде жиі пайдалану керек;
  • жаңғақ, асқабақ дәндері, бидай өскіндері және қара шоколад та өте пайдалы. Олардың құрамында маңызды элемент – мырыш көп. Бұл жалпы суық тиюдің белгілерін жеңілдетеді және денсаулықты қалпына келтіруді тездетеді.

«Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Коронавирустан сақтанудың тағы бір жолы ретінде жиі жылы, таза су ішуге кеңес береміз. Жылы су адам ағзасын тазалайды. Ал иммунитетті көтеру үшін дәруменге бай жемістерден компот әзірлеп ішуге болады. Ең бастысы, денсаулыққа зиян бояу қосылған, қатты газдалған және алкогольді ішімдіктерден бас тарту қажет. Тәжірибе көрсеткендей, алкоголь ісікке қарсы иммунитеттің белсенділігін бәсеңдетеді. Тоқ ішек обыры мен бауыр ауруларының қаупін арттырады», – деді эпидемиолог Дастан Егімбаев.

Оқи отырыңыз: Балалар аллергиясы неге айрықша қауіпті? Дәрігер кеңесі

№3. Темекіден бас тарту

Шылым шегетін адамның аузында иммундық жүйеге зиянын тигізетін қабыну ошағы пайда болады. Темекі иммунитетке қарсы жұмыс істейді. Сондықтан, туберкулез, қатерлі ісік ауруын тудыруы оңай.

Оқи отырыңыз: Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы мен зияны қандай?

№4. Спортпен шұғылдану

Спорттың кез-келген түрі денеңізді шынықтырып, денсаулығыңызды нығайтары сөзсіз. Сол себептен көбірек қимылдап, денені шынықтырған жөн. Жүзу, салқын суға түсу, контрастты душ қабылдау ағзаны нығайтуға көмектеседі. Жоғары және төмен температураны алмастырып пайдалану иммундық жүйеге өте пайдалы. Ең тиімдісі таза ауада жүгіру. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданғанатындар өте аз сырқаттанады. Олардың ұйқы режимі дұрыс болады және артық салмақ мазаламайды.

Оқи отырыңыз: Күмістелген судың пайдасы мен зияны. Оны қауіпсіз тұтыну мөлшері қандай?

№5. Артық салмақтан арылу

Артық салмақ иммундық жүйеге көрінбейтін, бірақ айтарлықтай ауыртпалық тудырады. Өйткені, май тіндері гормондар шығарады. Олар ағзадағы қабыну процестеріне ықпал етеді. Сол себептен, семіздіктен арылуға тырысу керек. Сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарап, ағзадағы зат алмасу жылдамдайды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика

№6. Жеткілікті ұйықтап, күйзеліске түспеу

Иммунитетті көтерудің ең қарапайым және айқын жолы – ұйықтау. Ұйқы кезінде ағза қалпына келіп, өмірлік қажетті гормондарды алады. Зерттеулер көрсеткендей, жиі ауыратын адамдар аз ұйықтайды екен. Дәрігерлер иммунитетті нығайту үшін дәруменге бай құнарлы тағамнан бөлек, ұйқы мен жан тыныштығы да қажет дейді. Егер сіз аз ұйықтап, көп жұмыс істеп, үнемі күйзелісте жүрсеңіз, дұрыс тамақтанғаныңыз зая кетеді. Күйзеліс гормондары иммундық жүйенің жұмысын бұзады. Сондықтан, уақытылы тынығып, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде болу маңызды. Көңіл-күй жақсарса, иммунитет те көтерілері сөзсіз.

Источник