Иммунитет теориясын аш?ан ?алым

 Басқа мағыналар үшін Иммунитет (мағыналары) деген бетті қараңыз.

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.

Иммунитет — организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.[1]

Зерттеулер[өңдеу]

Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 – 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.

Қорғаушы заттар, антиденелер[өңдеу]

Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.

Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу[өңдеу]

Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады.

Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган – орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 – 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні – бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әртүрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.[2]

Читайте также:  Имбирь польза и вред как употреблять для повышения иммунитета

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова, Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік, Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Источник

Антидене синтезінің алғашқы теориясын Т. Эрлих жасаған. Ол бойынша әр жасушаның антидене жасай алатын ерекше құрылымы- бүйір тізбегі болады және ол кездейсоқ антигенге дәл келетін болады. Ол жасушадан бөлініп қанға түссе антиденеге айналады. Антиген молекуласы өзіне сәйкес келетін құрылымды таңдап тауып алып, оны дәл көбейтеді деп айтқан. Бұл алғашқы сұрыптау гипотезасы еді.

1930 жылы Ландщтейнер қолдан жасалған алуан түрлу антигендерге антиденелер жасалатынын көрсетіп, ол Эрлих теориясына қайшы келген соң американ ғалымдары Ф. Брейнль, Ф.Гауровиц, т.б. антигендерге қарсы антиденелер алдын ала болмайды деді. Антиген глобулин қалыптасуына өзі килігіп оның жиналуына әсер етеді деген. Бұл жағжайда антиген әсері нұсқаушы болып отырады. Бұл гипотеза антиденелердің көп түрлілігін оңай түсіндіреді. Л.Полиг 1941 жылы антигенде өзіне антидене синтезделетін матрицалық ролді болжады. Он матрица теориясы деп атады. Бұл тікелей матрица теориясы деп аталады. Алайда бұл теория қате болды, себебі белок синтезі теориясына сәйкестігі жоқ.

Ф.Бернет, Ф. Феннер 1941 жылы тікелей емес матрица теориясын жасады. Ол бойынша антиген ферменттердің қызметін өзгертіп (антидене жасайтын) қосалқы әсер етеді. Кейін инструктивті гипотезаның көп варианттары шықты, антиген мутаген сияқты ДНК-ға (Швит Р. Оуэн Р., 1957) және РНК-ға (Гольдштейн, 1960) әсер етеді. 1950 жылы Н. Ерне Эрлих идеяларына қайта келіп «табиғи сұрыптау» гипотезасын енгізді. Ол бойынша эмбрион сатысында айырша безде әртүрлі антидене молекулалары болады. Антиген организмге енгенде сәйкес келетін антиденемен әсерлесіп комплекс құрайды. Бұл комплекс жасуша ішіне кіргенде жасуша оны осындай молекулалар жасауға модель ретінде пайдаланады деді. Ерне органимзнің өз антигендеріне антидене жасалмайтынын постулат түрінде кіргізіп тек бөгде антигендер ғана танылатынын айтты.

Сұрыптау идеясының әрі дамуы Бернеттің клон сұрыптау теориясына байланысты. Бернет бойынша иммунитеті жетілген организмнің лимфа жүйесінде 105 дәрежесінде жасуша клоны болып, әртүрлі антигендерге қарсы әсер ете алады. Организмдердің өз антигендеріне реакция болмауын, Бернет ондай жасушалар эмбрион кезінде жойылып кетеді деп түсіндіреді. Бұл теория бойынша, органимзге енген антиген сәйкес антидене синтездейтін жасушаны таңдап тауып, оның көбейуіне қолдау жасайды. Қазір Бернет теориясының шындыққа жақын екендігін дәлелдейтін көптеген фактілер табылып отыр. Оның қазіргі өңделне күйін молекулалық биология, биохимия, иммунология саласындағы көптеген иммунолог ғалымдар қолдайды. Сонымен клон сұрыптау теорясы бойынша антигеннің жалғыз ғана қызметі, өзінің лимфа жасушаларымен жолығуы, олардың көбеюіне стимул жасауы.Жсаушаға басқа ақпарат бермейді. Осы теория бойынша организмде антигенмен кездескенге дейін дифференцияланған өте көп кіші лимфоциттер болады.

Белгілі антиген тану қасиеті бар лимфоцит клон құрайды. В-лимфоциттің әр клоны бір типті антидене жасауға ғана қабілеті бар. Ал антиген сол сәйкес лимфоциттің пролиферациясын жасайды. Иммунитеттің орталық мүшелерінің негізгі қызметі сүйек майында болатын өзгешелігі жоқ баған жасушаларды кіші лимфоциттерге айналдыру. Олардың әрбіреуінің тек өзіне тән ерекшелігі болады.

Date: 2016-08-29; view: 457; Нарушение авторских прав

Источник

Бұл презентацияның бағасы: 400 теңге

Презентация қосу

“Иммунология даму
тарихы.Иммунитет
теориясы”
Жоспар:
• Иммунология анықтамасы
• Иммунологияның дамуына
үлес қосқан ғалымдар
• Иммунитет теориялары
Иммунология- қатерлі
індеттерге қарсы күрес
жолында пайда
болып,адамзатты көптеген
жұқпалы аурулардан
құтқарған ғылым
Індет ауруларына алғаш назар
салып зерттеген мұсылман
ғалымдары Разы мен Ибн
Сина.Олар шешек ауруының
белгілурін басқа індет
ауруларынан ажыратып
көрсетіп,алғаш иммунитет
теориясын жасаған.
Негізгі иммунология
тарихы ағылшын ғалымы
Эдвард Дженнердің
еңбегінен басталады.
1. Дженнер еңбегінің
маңызы:
• Сиыр шешегімен ауырған
адамның табиғи шешекпен
ауырмайтынын дәлелдеді
• Өзінің әдісін кеңінен таратып
егетін бекеттер ұйымдастырды
1976 жылы Дженнер шешуші тәжірибе
қойған.Сара Нельмс деген сиыр шешегі
жұққан сауыншыдан шешек
материалын 8 жасар дені сау Джеймс
деген балаға егеді.1 апта өткен соң
бала сәл ауырып жазылып кетеді.Тағы
1 апта өткен соң нағыз қара шешектің
өзін егеді.Бірақ балаға бұл қатерлі
шешек жұқпайды.Сөйтіп Дженнер
шешек ауруынан құтылудың жолын
тапты.
Ғылыми иммунология атасы –
француз Луй Пастер.Ол вакцина
жасаудың универсалды тәсілін
тауып тырысқақ,күйдіргі,құтыру
ауруларына қарсы вакцина
жасады.
1898-1899 ж.Н.Н.Чистович,Ж.Борде-
Мечников шәкірттері антидене жасалуы
үшін микроорганизмдер керектігі шарт
емес екендігін анықтады.Бірақ бұл
еңбек елеусіз қалды.Қазір осы
жұмыстың әр түрлі жануарлардың тін
антигендерін зерттеуде инфекциялық
емес иммунологияның шығуының
себепкер болғаны анықталып отыр.
1900ж. Ландштейнер қан топтарын
ашты.Олар АВО жүйе деп
аталады.Бір түрге жататын
организмдердің иммунитеттік
айырмашылығын зерттейтін
иммунологияның бір тармағы пайда
болды.Ол-тін изоантигенін
зерттейтін ғылым.
Иммунология ғылымы дамуының жаңа белесі 1945
ж. Басталады және ағылшын ғалымы Медавар
есімімен байланысты.Ол иммунитет ағзаны тек
микробтан ғана емес,сонымен қатар генетикалық
бөгде ағзалардың жасушалары мен тіндерінен де
қорғайтынын дәлелдеді
Ағзаның негізі қатаң бақылануы
не үшін қажет деген сұрақты
қойған Австралия микробиологы
Бернет.Бұл сұрақ иммунитетті
түсінуде көп пайда келтірді.Бұл
сұраққа жауап иммунитеттік
бақылау қағидасын ашуға әкелді.
Иммунологиялық бақылау
қағидасының шығуы, 1969-70 ж.
Иммунитеттің 2 жүйесін – жасушалық
және гуморальдық жүйелердің
ашылуына, қазіргі иммунологияның
пайда болуына әсер етті.
Иммунология жетістіктері
Иммуноглобулин молекуласының құрылымын анықтады
Иммунды процестермен жеке иммуноглобулин класстарының
рөлі ашылды
Лимфоциттердің антиген ажыратушы рецепторларын тапты
Алларгия негіздері пайда болды
Ісікке қарсы иммунитеттің механизмдері жүйеленді және т.б.
Антидене синтезінің алғашқы теориясын Т.Эрлих жасаған.Ол
бойынша әр жасушаның антидене жасайтын ерекше
құрылымы- бүйір тізбегі болады және ол кездейсоқ антигенге
дәл келетін болады.Ол жасушадан бөлініп қанға түссе
антиденеге айналады.Антиген молекуласы өзіне сәйкес
келетін құрылымды таңдап тауып алып, оны дәл көбейтеді
деп айтқан. Бұл алғашқы сұрыптау гипотезесы еді.
Ф.Бернет,Феннер 1941 ж. Тікелей емес
матрица теориясын жасады.Ол
бойынша антиген ферменттердің
қызметін өзгертіп қосалқы әсер
етеді.Кейін инструктивті гипотезаның
көп варианттары шықты,антиген
мутаген сияқты ДНК-ға,РНК-ға әсер
етеді деген.
1950ж.Ерне Эрлих идеяларына қайта келіп
“табиғи сұрыптау” гипотезасын енгізді.Ол
бойынша эмбрион сатысында айырша безде
әртүрлі антидене молекулалары
болады.антиген организмге енгенде сәйкес
келетін антиденемен әсерлесіп комплекс
құрады.Бұл комплек жасуша ішіне кіргенде
жасуша оны молекулалар жасауға модель
ретінде пайдаланады.
Сұрыптау идеясының әрі дамуы
Бернеттің клон сұрыптау теориясына
байланысты.Бұл теория бойынша
антигеннің жалғыз ғана қызметі,өзінің
лимфа жасушаларымен
жолығуы,олардың көбейуіне стимул
жасауы.
Қазіргі күндері
иммунологияның жалпы
биологиялық мәні бар ол өз
дамуында да биология мен
медицинаға көп әсер жасап
отыр
Оналбеков М.Ш,
Емдеу ісі факультеті
4 курс 434 топ.

Читайте также:  Активный естественный иммунитет возник

Ұқсас жұмыстар

Источник

1. “Иммунология даму тарихы. Иммунитет теориясы”

2. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті.

Кафедра: Микробиология, вирусология және
иммунология .
Тақырыбы: Иммунология даму тарихы.Иммунитет
теориясы.
Орындалу түрі: Презентация.
Факультет: Жалпы медицина
Курс: 2.
Топ: 09-024-1
Тексерген: Тәуірбаева Н.Т.
Орындаған: Сарыев Б
Алматы 2010

3. Жоспар:

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Иммунология анықтамасы
Иммунологияның дамуына үлес қосқан
ғалымдар
Иммунитет теориялары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

4. Иммунология- қатерлі індеттерге қарсы күрес жолында пайда болып,адамзатты көптеген жұқпалы аурулардан құтқарған ғылым

5. Індет ауруларына алғаш назар салып зерттеген мұсылман ғалымдары Разы мен Ибн Сина.Олар шешек ауруының белгілерін басқа індет ауруларынан

Індет ауруларына алғаш назар
салып зерттеген мұсылман
ғалымдары Разы мен Ибн
Сина.Олар шешек ауруының
белгілерін басқа індет
ауруларынан ажыратып
көрсетіп,алғаш иммунитет
теориясын жасаған.

6. Негізгі иммунология тарихы ағылшын ғалымы Эдвард Дженнердің еңбегінен басталады.

7. Дженнер еңбегінің маңызы:

1. Дженнер еңбегінің
маңызы:
Сиыр шешегімен ауырған адамның
табиғи шешекпен ауырмайтынын
дәлелдеді
Өзінің әдісін кеңінен таратып егетін
бекеттер ұйымдастырды

8. 1976 жылы Дженнер шешуші тәжірибе қойған.Сара Нельмс деген сиыр шешегі жұққан сауыншыдан шешек материалын 8 жасар дені сау Джеймс деген бала

1976 жылы Дженнер шешуші тәжірибе
қойған.Сара Нельмс деген сиыр шешегі
жұққан сауыншыдан шешек
материалын 8 жасар дені сау Джеймс
деген балаға егеді.1 апта өткен соң
бала сәл ауырып жазылып кетеді.Тағы
1 апта өткен соң нағыз қара шешектің
өзін егеді.Бірақ балаға бұл қатерлі
шешек жұқпайды.Сөйтіп Дженнер
шешек ауруынан құтылудың жолын
тапты.

9. Ғылыми иммунология атасы – француз Луй Пастер.Ол вакцина жасаудың универсалды тәсілін тауып тырысқақ,күйдіргі,құтыру ауруларына қарсы ва

Ғылыми иммунология атасы – француз
Луй Пастер.Ол вакцина жасаудың
универсалды тәсілін тауып
тырысқақ,күйдіргі,құтыру ауруларына
қарсы вакцина жасады.

10. 1898-1899 ж.Н.Н.Чистович,Ж.Борде- Мечников шәкірттері антидене жасалуы үшін микроорганизмдер керектігі шарт емес екендігін анықтады.Бірақ бұл

1898-1899 ж.Н.Н.Чистович,Ж.БордеМечников шәкірттері антидене жасалуы
үшін микроорганизмдер керектігі шарт
емес екендігін анықтады.Бірақ бұл
еңбек елеусіз қалды.Қазір осы
жұмыстың әр түрлі жануарлардың тін
антигендерін зерттеуде инфекциялық
емес иммунологияның шығуының
себепкер болғаны анықталып отыр.

11. 1900ж. Ландштейнер қан топтарын ашты.Олар АВО жүйе деп аталады.Бір түрге жататын организмдердің иммунитеттік айырмашылығын зерттейтін имму

1900ж. Ландштейнер қан
топтарын ашты.Олар АВО жүйе
деп аталады.Бір түрге жататын
организмдердің иммунитеттік
айырмашылығын зерттейтін
иммунологияның бір тармағы
пайда болды.Ол-тін изоантигенін
зерттейтін ғылым.

12. Иммунология ғылымы дамуының жаңа белесі 1945 ж. Басталады және ағылшын ғалымы Медавар есімімен байланысты.Ол иммунитет ағзаны тек микробтан

ғана емес,сонымен қатар генетикалық
бөгде ағзалардың жасушалары мен тіндерінен де
қорғайтынын дәлелдеді

13. Ағзаның негізі қатаң бақылануы не үшін қажет деген сұрақты қойған Австралия микробиологы Бернет.Бұл сұрақ иммунитетті түсінуде көп пайда

Ағзаның негізі қатаң бақылануы
не үшін қажет деген сұрақты
қойған Австралия микробиологы
Бернет.Бұл сұрақ иммунитетті
түсінуде көп пайда келтірді.Бұл
сұраққа жауап иммунитеттік
бақылау қағидасын ашуға әкелді.

14. Иммунологиялық бақылау қағидасының шығуы, 1969-70 ж. Иммунитеттің 2 жүйесін – жасушалық және гуморальдық жүйелердің ашылуына, қазіргі иммуно

Иммунологиялық бақылау
қағидасының шығуы, 1969-70 ж.
Иммунитеттің 2 жүйесін –
жасушалық және гуморальдық
жүйелердің ашылуына, қазіргі
иммунологияның пайда болуына
әсер етті.

Читайте также:  Протекание болезни с пониженным иммунитетом

15. Иммунология жетістіктері

Иммуноглобулин молекуласының құрылымын анықтады
Иммунды процестермен жеке иммуноглобулин
класстарының рөлі ашылды
Лимфоциттердің антиген ажыратушы рецепторларын тапты
Алларгия негіздері пайда болды
Ісікке қарсы иммунитеттің механизмдері жүйеленді және
т.б.

16. Антидене синтезінің алғашқы теориясын Т.Эрлих жасаған.Ол бойынша әр жасушаның антидене жасайтын ерекше құрылымы- бүйір тізбегі болады жән

Антидене синтезінің алғашқы теориясын
Т.Эрлих жасаған.Ол бойынша әр жасушаның
антидене жасайтын ерекше құрылымы- бүйір
тізбегі болады және ол кездейсоқ антигенге
дәл келетін болады.Ол жасушадан бөлініп
қанға түссе антиденеге айналады.Антиген
молекуласы өзіне сәйкес келетін құрылымды
таңдап тауып алып, оны дәл көбейтеді деп
айтқан. Бұл алғашқы сұрыптау гипотезесы
еді.

17. Ф.Бернет,Феннер 1941 ж. Тікелей емес матрица теориясын жасады.Ол бойынша антиген ферменттердің қызметін өзгертіп қосалқы әсер етеді.Кейін ин

Ф.Бернет,Феннер 1941 ж. Тікелей емес
матрица теориясын жасады.Ол бойынша
антиген ферменттердің қызметін өзгертіп
қосалқы әсер етеді.Кейін инструктивті
гипотезаның көп варианттары
шықты,антиген мутаген сияқты ДНК-ға,РНКға әсер етеді деген.

18. 1950ж.Ерне Эрлих идеяларына қайта келіп “табиғи сұрыптау” гипотезасын енгізді.Ол бойынша эмбрион сатысында айырша безде әртүрлі антидене

1950ж.Ерне Эрлих идеяларына қайта келіп “табиғи
сұрыптау” гипотезасын енгізді.Ол бойынша эмбрион
сатысында айырша безде әртүрлі антидене
молекулалары болады.антиген организмге енгенде
сәйкес келетін антиденемен әсерлесіп комплекс
құрады.Бұл комплек жасуша ішіне кіргенде жасуша
оны молекулалар жасауға модель ретінде
пайдаланады.

19. Сұрыптау идеясының әрі дамуы Бернеттің клон сұрыптау теориясына байланысты.Бұл теория бойынша антигеннің жалғыз ғана қызметі,өзінің лимф

Сұрыптау идеясының әрі дамуы
Бернеттің клон сұрыптау теориясына
байланысты.Бұл теория бойынша
антигеннің жалғыз ғана
қызметі,өзінің лимфа
жасушаларымен жолығуы,олардың
көбейуіне стимул жасауы.

20. Қазіргі күндері иммунологияның жалпы биологиялық мәні бар ол өз дамуында да биология мен медицинаға көп әсер жасап отыр

21. ИММУНИТЕТ АНЫҚТАМАСЫ.

Иммунитет дегеніміз патогенді
микробтардың, олардың
токсиндерімен басқа да
биологиялық бөгде заттардың
әрекетін адам организмінің
қабылдамаушылық жәйі.

22. Шығу тегіне байланысты

иммунитеттің 2 түрін ажыратады:
туа біткен /түрлік/
өмірде пайда болған /персональдық/

23. Туа біткен иммунитет

тұқым қуалаушылықпен беріледі
және конституционды түрге лайықты
болады. Мысалы, адамның ешқашан
иттердің, ірі қара малдардың
обасымен ауырмайтыны белгілі. Туа
біткен иммунитет өте берік болады,
бірақ абсолютты емес.

24.

Өмірде пайда болған иммунитеттің активті және пассивті
түрлерің ажыратады.
Активті пайда болған иммунитет патогендік микробтардың
әрекетіне қарсы реакцияның салдарынан дамиды,табиғи және
жасанды болу мүмкін.
Табиғи активті иммунитет инфекциядан кейін дамиды
жасанды активті иммунитет – вакцинациядан кейін.
Активті иммунитет ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін, әсіресе
инфекциядан кейін дамыйтың иммунитет /өмір бойы сақталуы
мүмкін.
Пассивті иммунитет дайын антиденелерді енгізу арқылы пайда
болады.
Табиғи пассивті иммунитет анасынан ұрыққа плацента арқылы
немесе сүтпен берілген антиденелердің әсерімен түзіледі.
Жасанды пассивті иммунитет қанның сары суын немесе даяр
антилденелері бар глобулиндерді енгізу арқылы пайда болады.
Пассивті иммунитет жылдам болады да бірақ 15-20 күнге дейін
сақталады, ол уақытта бөгде антиденелер организмнен
шығарылады.

25. АДАМ ОРГАНИЗМНІҢ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

Бұл жүйе организмді жұқпалы ауру
қоздырғыштарынан және басқа генетикалық жат
агенттерден қорғайды.
Арнайы жасушалар мен мүшелер бұның ең басты
қызметін атқарады – “өзінікін” “бөгдеден” ажырату,
бөгдені жою, организмнің ішкі ортасының
тұрақтылығын сақтау.
Иммундық жүйенің адам организмінің өзіндік
антигендеріне табиғи толеранттылық /иммундық
жауабының жоқтығы/ байқалады, өйткені бұларға
эмбрионалдық кезеніңде танып үйренеді. Өмірде
кездескен генетикалық заттар туралы хабар
иммундық естілікте сақталады және бұлармен
екінше рет кездескенде бұларды организмнен тез
шығарады.

26. Иммундық жүйенің орталық мүшелері:

Сүйек кемігі. Бұл барлық қан
жасушаларының бастаушы жасушаның
негізін салушы. Жілік майының
ретикулярлық стромасында лимфоциттер жетіледі.
Тимус /айыршық без/ — тимуста
бастаушы клеткалар Т-лимфоциттерге
дейін жетіледі.

27. Иммундық жүйенің шеткі мүшелері:

Көк бауыр
Лимфа бездері
Ішектің, тыныс алу жолдарының, несеп
шығару-жыныс жолдарының кілегейлі
қабығының лимфа фолликулары,
көмей бездер.
Шеткі мүшелердің тимусқа Т-тәуелді
және В-тәуелді зоналары бар, олардың
ішінде организмге антигендер енген
кезде Т- және В-лимфоциттердің жетілуі
/дифференциация/ журеді.

28. Қолданылған әдебиеттер:

Хавкин А. И., Жихарева И. С. Коррекция дисбиотических изменений кишечника у детей на
современном этапе //РМЖ. Детская гастроэнтерол. и нутрициол., 2006. С. 3–6.
Концепция пребиотиков. Новый подход к питанию детей 1-го года жизни: Пособие для
практикующего педиатра. М.: ООО «Нутриция».
Демин В. Ф., Ильенко Л. И., Холодова И. Н., Сырьева Т. Н. Дисбактериоз кишечника у
детей: Метод. рек. // РГМУ. 2000.
Самсыгина Г. А. Особенности становления биоценоза кишечника у грудных детей и
кишечный дисбактериоз//ПЕДИАТРИЯ. Consilium Medicum. Приложение. 2003. №2. С. 30–
33.
Запруднов А. М., Харитонова Л. А., Алешкин А. В. Оценка эффективности и безопасности
биологически активной добавки «Бифистим» у детей // Вопр. современ. педиатрии. 2004.
Т. 3. № 4. С. 108–111.
Рыженко С. А. К 100-летию начала исследований пробиотиков И. И. Мечниковым
Белоусова Е. А. Всемирный конгресс по гастроэнтерологии (Монреаль, 2005) //
Фарматека. — 2006. — № 1. — С. 17-21
Феклисова Л. В., Шебекова В. М. Эффективность «Пробифора» в комплексном лечении
ОРВИ у детей. //Новые лекарственные препараты. — 2004. — Выпуск 1. — С. 29-34.
Шендеров Б. А. Медицинская микробная экология и функциональное питание. Т. 3:
Пробиотики и функциональное питание. — М.: ГРАНТЪ, 2001. — 286 с.

Источник